"Хабар 24" телеарнасының журналистері Семей тұрғындары арасында блиц-сауалнама жүргізіп, Абай өңірінің құрылуы туралы пікірін сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Хабар 24" телеарнасының журналистері Семей тұрғындары арасында блиц-сауалнама жүргізіп, Абай өңірінің құрылуы туралы пікірін сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Респонденттердің пікірі:
"Әрине, қуандым. Осы сұрақ мені үнемі толғандыратын, өйткені бұл алдыңғы қатарлы аймақ болды. Сондықтан, әрине, бұл - біз үшін қуаныш. Жастарға жақсы болады деп үміттенеміз".
"Бір жылдан кейін жолдар, дүкендер жақсаратынына сенеміз. Халық үшін, біз үшін, жастар үшін, қарттар үшін, жұмыс істейтіндер үшін бәрі бар сияқты".
"Өте жақсы. ШҚО өте үлкен. Бізді бөліп тастаса, онда Шығыс пен Семейді басқару оңайырақ болады. Екінші себеп, табыс Семейде қалатын шығар, яғни Өскеменнің дамуына аз ақша аударылатын болар. Үшіншіден, автобустармен қамтамасыз етуге назар аударылуы мүмкін, автобустар - бұл бірінші кезектегі мәселе. Мүмкін, жұмыс орындары пайда болады, кәсіпорындар жаңа жұмыс орындарын ашуы да мүмкін".
"Менің ойымша, бұл бастаманың артықшылықтары ғана бар. Кемшіліктері көрінбейді. Бәріміз білеміз, облыс орталықтары экономикалық салаларда да, жеке кәсіпкерлік үшін де қарқынды дамиды. Бұрын Семей облыс орталығы болған, бұл қаладағы ахуалды жақсартты. Менің ойымша, енді одан да жақсы болып, қаламыз дамиды".
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұған дейін Семей аумағында Абай облысын құруды ұсынған еді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!