Семей тұрғыны нейрожелі көмегімен жасаған суреті үшін жазаланды

Айнұр Қапышова
Айнұр Қапышова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Семей тұрғыны нейрожелі көмегімен жасаған суреті үшін жазаланды Фото:depositphotos.com

Семейде нейрожелі көмегімен сурет жасап, полицияға жүгінген ер адам жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Семейде нейрожелі көмегімен сурет жасап, полицияға жүгінген ер адам жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы сәрсенбі, 18 наурызда Абай облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

"17 наурызда сағат 20:00-де call-орталыққа Гастелло көшесінде өндірістік цехты су басқаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына жедел қызметтер дереу жіберілді, алайда ақпарат расталмады. Су басу дерегі анықталған жоқ", - деп түсіндірді ведомство.

Тексеру барысында полицейлер хабарламаға негіз болған суреттердің жасанды интеллект көмегімен жасалғанын және шындыққа сәйкес келмейтінін анықтады.

Полиция қызметкерлері 27 жастағы ер адамды анықтап, оны жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілікке тартты.

Департамент жалған материалдар, оның ішінде ЖИ көмегімен жасалған ақпарат адамдарды жаңылыстыруы мүмкін екенін еске салды. Оларды әзіл ретінде таратқаны үшін де жауапкершілік қарастырылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 482.55   555.73   5.81 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети