Семейде балабақша тәрбиешісі жұмысынан шеттетілді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото:depositphotos.com Фото:depositphotos.com

Семейде балабақша тәрбиешісі балаға күш қолданғаны үшін уақытша жұмыстан шеттетілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Semeitv.kz-ке сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Семейде балабақша тәрбиешісі балаға күш қолданғаны үшін уақытша жұмыстан шеттетілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Semeitv.kz-ке сілтеме жасап.

Ата-ананың айтуынша, қаланың мектепке дейінгі мекемелерінің бірінде тәрбиеші әріп пен білім беру бағдарламасын білмегендіктен, балаға күш қолданған.

Олар әкімшіліктен бейнекамера жазбаларын көрсетуді талап еткен. Видеоны қарап шыққаннан кейін баланың ата-анасы полицияға жүгінді.

Қазір тәрбиешіге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Тергеу аяқталғанға дейін ол жұмыстан шеттетілді.

"Семей қаласының білім бөліміне қарасты балабақшалардың бірінде болған жағдайды түсіндіргіміз келеді. Бейнежазбадан тәрбиеші баланың басынан бірнеше рет ұрғанын көруге болады. Ата-анасы арыз берді, қазір ҚР Қылмыстық кодексінің 140-бабы бойынша тергеу жүргізіліп жатыр", - деді облыстың білім басқармасы өкілі.

Тәрбиеші кездейсоқ қолын бұлғап қалғанын айтқан.

Медициналық сараптама баладан дене жарақатын анықтаған жоқ, ол балабақшаға барып жүр.

"Қалалық білім бөлімі осы оқиға бойынша қызметтік тексеріс жүргізді. Тәрбиешінің іс-әрекеті педагогикалық кеңесте қаралды, оған қатаң сөгіс берілді, тергеу аяқталғанға дейін уақытша жұмыстан шығарылды. Тексеріс қорытындысы бойынша балабақша құрылтайшысына тиісті бақылау жүргізбегені үшін меңгерушіге тәртіптік жаза қолдану туралы ұсыныс жіберілді", - деді облыстық білім бөлімі өкілі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro