1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Семейде коронавирустан өлім жағдайы көп тіркелгені үшін шенеуніктер жазаланады 26 сәуір 2021, 16:27

Семейде коронавирустан өлім жағдайы көбейгені үшін шенеуніктерді жазалайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек

Фото: ©РИА Новости Фото: ©РИА Новости

Семейде коронавирустан өлім жағдайы көбейгені үшін шенеуніктерді жазалайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Биыл 1 қаңтарынан бастап Шығыс Қазақстан облысында коронавирус инфекциясынан 25 адам қайтыс болған. Оның үшеуі Өскеменде, ал қалған 22-сі Семей қаласындағы жұқпалы аурулар ауруханасында тіркелген. Бұл мәліметтерді бүгін ШҚО денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ермек Омарбеков мәлім етті. Оның айтуынша, Семейде коронавирус өршіп тұр, сонымен қатар демалыс күндері арнайы комиссия қаладағы медициналық мекемеде бірқатар елеулі заңбұзушылық анықтаған.

"Медициналық мекеме басшысына қатысты қатаң шаралар қабылданды. Сондай-ақ, Семейде алты КТ аппаратының үшеуі істен шыққаны анықталды. Бірақ 15 мамырға дейін олар жөнделіп, штаттық режимде жұмыс істейді", - деді ШҚО денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ермек Омарбеков.

ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы жұқпалы аурулар ауруханасы жұмысында анықталған заңбұзушылықтарды атады. Кейбір науқастың ауру тарихына қарағанда, Денсаулық сақтау министрлігі COVID-19 емдеу хаттамасы толық сақталмағаны байқалады, сондай-ақ қосымша ауруы бар адамдардың денсаулық паспортындағы деректерді ескере отырып, емдеу мен диагноз түзетілмеген. Сонымен қатар, ауруханаға жатқызу кезінде науқастар КТ-тексеруден өтпеген. Емдеу компьютерлік зерттеулердің нәтижелерін ескерусіз тағайындалған. Антибиотиктердің, диуретиктердің бірнеше тобын негізсіз тағайындау дерегі анықталған.

Жағдайға қатысты ШҚО әкімі Даниал Ахметов пікір білдірді.

"Семейде жағдай күрделенгенін байланысты оған жол берген қала әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына, сондай-ақ Семей қаласы бойынша денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасарына, жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігеріне қатаң сөгіс жариялау тапсырылды. Сонымен қатар, Семейге облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары Ілияс Мұхамеджан бастаған жұмыс тобын жіберемін. Ол қала "жасыл" аймаққа өткенге дейін сол жерде жұмыс істейді. Сондай-ақ, бұл топқа әрбір өлім жағдайы бойынша тағы да егжей-тегжейлі тергеу жүргізу, істен шыққан КТ-ны пайдалануға беру бойынша шұғыл шаралар қабылдау тапсырылды", - деді Даниал Ахметов.

Редакция Семей қаласының жұқпалы аурулар ауруханасы әкімшілігінен түсінік алуға тырысты. Олар бұл жағдайда коронавирус жұқтырған науқастарды емдеу үшін барлық қажетті шара қабылдап жатыр деп жауап берді.

Статистикаға сйенсек, ШҚО-да коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың үштен бірі Семей қаласынан. Облыста сәуірдің басынан бері COVID-19 жұқтырған 1 507 адамның 518-і тек Семейден болған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!



Firebase Cloud Messaging