Семейде мұғалім шырша құру кезінде биіктен құлаған: кімдер жазаланды?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Семейде мұғалім шырша құру кезінде биіктен құлаған: кімдер жазаланды? Midjourney

Семейде шырша құру кезінде құлаған мұғалімнің оқиғасынан кейін лауазымды тұлғалар жазаланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Семейде шырша құру кезінде құлаған мұғалімнің оқиғасынан кейін лауазымды тұлғалар жазаланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Абай облыстық Білім басқармасының Massaget.kz-ке берген жауабына сүйенсек, тексеріс нәтижесінде Семей қаласының үш мектебінен мұғалімдер жаңа жылдық шыршаны безендіру жұмысына тартылған. Олардың қатарында №49 мектептің мұғалімі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қуат Айтқалиев жарақат алған.

"Қызметтік тексеріс қорытындысы бойынша үш мектеп директорына қатаң тәртіптік шара қолданылды. Қалалық білім бөлімі басшысы қызметінен босатылды. Болашақта мұндай жағдайларды болдырмау үшін білім беру ұйымдарына заң талаптарын қатаң сақтау туралы тапсырма беріліп, бақылау күшейтіледі. Бұл мәселе ерекше бақылауда", - деп жазылған ведомствоның жауабында.

Айта кетейік, бұл жағдай "Педагог мәртебесі туралы" заңына қайшы, өйткені педагогтерді өз міндеттерінен тыс жұмыстарға тартуға тыйым салынған.

21 желтоқсанда Семей қаласында Қуат Айтқалиев есімді мұғалім биіктен құлаған. Бұл жағдай туралы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев айтты. Шенеунік бұл әрекетті "заңбұзушылық" деп атап, жағдай бақылауда екенін мәлімдеді.

Кейінірек Денсаулық сақтау басқармасының өкілдері мұғалім жансақтау бөлімінде емес, палатада жатқанын, жағдайы тұрақты екенін айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети