Семейде оқушы соққыға жығылған оқиға: сот жасөспірімдердің ата-анасын жазалады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Семейде оқушы соққыға жығылған оқиға: сот жасөспірімдердің ата-анасын жазалады видео кадры

Абай облысының соты Семейде оқушыны соққыға жыққан жасөспірімдердің ата-аналарына қатысты әкімшілік істі қарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Абай облысының соты Семейде оқушыны соққыға жыққан жасөспірімдердің ата-аналарына қатысты әкімшілік істі қарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сот жасөспірімдердің ата-аналарын балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін кінәлі деп танып, Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің (ҚР ӘҚБтК) 127-бабына сәйкес тиісті әкімшілік жаза тағайындады.

Сот қаулысымен бір ата-ана 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Қалған жасөспірімдердің ата-аналарына 78 640 теңгеден айыппұл салынды.

Еске салайық, бұған дейін Абай облысының полициясы жоғары сынып оқушылары 6-сынып оқушысын соққыға жыққан оқиға бойынша қылмыстық іс қозғады. Бұл оқиғаның видеосы 24 ақпанда әлеуметтік желіде тарап кетті.

Кейінірек Семейде комиссия мектеп оқушысын жасөспірімдер соққыға жыққан оқиға бойынша шешім шығарды. Сондай-ақ, қазақстандықтар соққыға жығылған оқушының отбасына 24 миллион теңге жинап берді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети