Семейде өртсөндірушілер жанып жатқан пәтерден 4 жасар баланы құтқарған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Семейде өртсөндірушілер жанып жатқан пәтерден 4 жасар баланы құтқарған Абай ауданы ТЖД

Семейде 2 қаңтарда тоғыз қабатты үйдің 5-қабатында өрт шықты. Оқиға орнына жеткен өртсөндірушілер 2018 жылы туған баланы аман алып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Семейде 2 қаңтарда тоғыз қабатты үйдің 5-қабатында өрт шықты. Оқиға орнына жеткен өртсөндірушілер 2018 жылы туған баланы аман алып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Абай облыстық ТЖД мәліметінше, өрт туралы хабар сағат 17:16-да түскен.

"Өрт Шәкәрім даңғылы, 13-үй мекенжайында болды. Оқиға орнына жеткенде 9 қабатты тұрғын үйдің бесінші қабатындағы пәтердің заттары, жиһаздары, техникасы, терезесі жанып жатқаны белгілі болды. Қызметкерлер қабырға құрылымдарын бөлшектеп, 2018 жылы туған баланы құтқарды. Ол облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Қазір оның жағдайы ауыр деп бағаланды, бала дәрігерлердің бақылауында", - деді Абай облыстық ТЖД баспасөз қызметі өкілдері.

Оқиға орнына екі автоцистерна, бір баспалдақ және жеке құрамнан 8 адам жұмылдырылды. Абай ауданының Төтенше жағдайлар департаменті өкілдері қала тұрғындары мен қонақтарына күнделікті өмірде өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауды ескертеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети