Семейде плитасы опырылған көпір қайта қалпына келтіріліп жатыр

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Семейде плитасы опырылған көпір қайта қалпына келтіріліп жатыр Фото: Аделина Андреева

Семейде плитасы опырылған көпір қалпына келтіріліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Семейде плитасы опырылған көпір қалпына келтіріліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

2021 жылдың тамызында Семейде "ескі көпірдің" бір бөлігі құлады. Жаяу жүргіншілер жолы плитасы құлағаннан кейін өткелге тексеру жүргізілген. Нәтижесінде билік оны қайта қалпына келтіріп, келешекте оны жаяу жүргіншілерге арнап, жақын жерден жаңа көпір салуды ұйғарған.

Сондай-ақ, былтырдан бастап "ескі көпірде" автобустар мен ауыр жүк көліктері үшін қозғалыс шектеліп, тиісті белгілер орнатылған. Қазір мұндай көліктер аспалы көпірден өтеді. Қарбалас уақыттарда көпірлерде кептеліс пайда болады және қалаға тағы бір өткел қажет екені айтылды.

Айта кететін жайт, жұрт "ескі" деп атайтын автокөпір 1964 жылы пайдалануға берілген, қазіргі жағдайы мүшкіл. Өткелдің қатты тозғанына байланысты қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Әзірленген жобаға сәйкес, осы көпірдің жанында жаңа өткелдің құрылысы басталған. Ертістің оң және сол жағалауларында құрылыс алаңдары тазартылып, қоршалған, техникалар мен мамандар жұмыс істеп, қазаншұңқырлар әзірленіп, іргетасты арматуралау, жағалау тірегін тұрғызу және кәріз желілерін шығару бойынша жұмыстар басталған.

Төрт жолақты көпір жобасының құны 31 миллиард теңгеге бағаланып отыр. Жалпы ұзындығы шамамен 1350 метр болады. Жобаның тапсырыс берушісі - Семей қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы. Құрылысты аяқтау 2025 жылдың екінші тоқсанына белгіленген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети