27 сәуір 2021 | 10:36

Семейде полицей қоластындағыларды айыппұл "өндіруге" мәжбүрлеген

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: ©Тұрар Казанғапов Фото: ©Тұрар Казанғапов

Семейде полиция қызметкері бағыныштыларын айыппұл "өндіруге" мәжбүр еткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Семейде полиция қызметкері бағыныштыларын айыппұл "өндіруге" мәжбүр еткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желілерде Центральный, Затонский және Әуезов полиция бөлімдерінің басшыларына рейдті күшейту және шектеу шараларын бұзғандарды іздестіру туралы бұйрық берілген аудиожазба таралды. Оған қарағанда, лауазымды тұлға бағыныштыларының алдына нақты мерзімдер қойған. Сағат 16.30-ға дейін мүмкіндігінше көп заңбұзушыны табу.

"Қазір барлығы дереу учаскелік полиция қызметкерлерін алып аумаққа шықсын. 16.30-ға дейін карантин бұзғандарды анықтау керек. Шұғыл тәртіпте. Топтарыңыздың нәтижесі - нөл. Бұған жол берілмейді, біз қызыл аймақта тұрмыз. Қазір таппасаңыздар, ертең бәрі таңертеңнен кешке дейін осы заңбұзушылық бойынша жүреді. Сондықтан шұғыл түрде желіге шығыңыз, жұмысты ұйымдастырыңыз, уақыт бар. Сағат 16.30-ға дейін карантинді бұзғандарды табыңыздар", - делінген аудио-хабарламада.

Аудиожазба таратылғаннан кейін ШҚО полиция департаменті қызметтік тергеуді бастады. Аудиожазбаның кейіпкері Семей полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бөлімінің бастығы екені белгілі болды.

"ШҚО полиция департаменті қызметтік тергеу жүргізді. Оның нәтижесі бойынша дыбыстық хабарламаның кейіпкері - Семей ҚП жергілікті полиция қызметі бөлімінің бастығы анықталды. Лауазымды тұлға қызметтік-әскери тәртіпті бұзғаны үшін атқаратын қызметінен босатылды", - деді департамент өкілі.

ШҚО бас санитария дәрігерінің 20.04.2021 жылғы №5-1 қаулысына сәйкес Шығыс қазақстан облысы коронавирус инфекциясын жұқтыру деңгейі жоғары өңірге кіреді. Өскемен, Семей және Аягөз қалалары "қызыл" аймаққа кірген. Covid-19 таралуына жол бермеу мақсатында құрамына жергілікті атқарушы орган, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті өкілдері және полиция департаменті қызметкерлері кіретін мониторингтік топтардың жұмысы жандандырылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети