Семейде полицейлер мас жүргізушіні тоқтату үшін оқ атты

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Семейде полицейлер мас жүргізушіні тоқтату үшін оқ атты

Семейде полицейлер мас күйде эвакуатор тізгіндеген жүргізушіні тоқтату үшін оқ атты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Абай облысы Полиция департаментіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Семейде полицейлер мас күйде эвакуатор тізгіндеген жүргізушіні тоқтату үшін оқ атты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Абай облысы Полиция департаментіне сілтеме жасап.

Түнгі бірлер шамасында полицияға дабыл қоңырауы түскен: Өскемен көшесінде мас болуы мүмкін эвакуатор жүйткіп бара жатқан.

Патрульдік полицияның "Барс 615" экипажы тәртіпбұзушыны байқап, тоқтауды талап еткен. Алайда жүргізуші дабылға құлақ аспай, жүргіншілер мен көліктерге қауіп төндіре отырып, қозғалысын жалғастырған.

Полицейлер талапқа бағынбаған жүргізушіні қуға мәжбүр болған. Ол маневр жасап, талапқа құлақ аспағандықтан, оны тоқтату үшін көліктің дөңгелектеріне оқ атуға тура келген. Тек содан кейін ғана эвакуаторды бөгеп тоқтату мүмкін болды.

Көлік жүргізушісі 29 жастағы семейлік орташа дәрежеде мас болған. Оны айықтырғышқа жеткізді, ал көлікті айыптұраққа қойды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети