Семейде емделушілерді жеке мақсатына пайдаланған психоневрологиялық мекеменің директорына жаза кесілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Семейде емделушілерді жеке мақсатына пайдаланған психоневрологиялық мекеменің директорына жаза кесілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Семей қаласының психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемесінің" төрағасы Қарлығаш Бергенева 3 жыл 6 ай мерзімге шартты түрде бас бостандығынан айырылды. Арнайы тексеріс кезінде директордың "Туа бітті 2-топтың мүгедегін" қызының саяжайына жұмыс істеуге жібергені анықталды. Директордың тағы жеті адамды басқа да жерлерде жұмыс істеуге мәжбүрлегені белгілі болды.
Қалалық прокуратура Қарлығаш Бергеневаға қатысты істің материалдарын №2 сотқа жіберген. Сотталушы кінәсін мойындады. Сотталушының жасын (62 жаста) ескере отырып, сот жазаны жеңілдетті.