21 қыркүйек 2018 | 09:41

Семейде студенттер нашар тамақтанып, тіпті сирек жуынады - тексеріс нәтижелері

ПОДЕЛИТЬСЯ

©КТК ©КТК

Семейде арнайы коммисия жергілікті ЖОО-лардың бірнеше жатақханасын тексеріп шықты. Сөйтсе, студенттердің көбі нашар тамақтанып, тіпті сирек жуынады екен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

Семейде арнайы коммисия жергілікті ЖОО-лардың бірнеше жатақханасын тексеріп шықты. Сөйтсе, студенттердің көбі нашар тамақтанып, тіпті сирек жуынады екен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап. 

Қоғамдық және мемлекеттік қызмет агенттігінің өкілдері студенттер 16 мың теңге шәкіртақысының 14 мың теңгесін бөлмеге төлейді екен. Сөйте тұра, бөлменің жағдайы да мәз емес. Мысалға, жуынудың өзіне студенттер 150 теңге төлеп кіреді екен. Ортақ ас үй мен асхана ыдыс-аяқтары да жоқ. Жатақханалардың көбісінде тоңазытқыш пен кір жуатын машина да жоқ екен. Сондай-ақ, тексерушілер тәрбиешілер мен кезекшілер жоқ екенін аңғарғанын айтады. 

"Бізді қатты таңғалдырғаны кезекшілер арнайы бұйрықсыз жұмыс істеп жатыр екен. Олардың төлемақысы мен кезекшілер алдындағы жауапкершілік туралы ортақ шешімге де келмеген. Жас қыз түнде кезекші болғанын қайдан көрдіңіздер? Егер оқыс оқиға болса, кім жауапты? Қазіргі таңдағы жоғары оқу орындардағы басшылық ұсынған ең төменгі көрсеткіш", - дейді тексеруші топтың өкілі Николай Исаев.

Оқу орындарындағы басшылыққа бұл қателіктерді жоюға бір ай уақыт берген. Тексерушілер жағдай оңалмаса қатаң сөгіс алатынын мәлімдеді. Телеарнаның мәліметінше, студенттердің өзі бөлмеден қуыламыз ба деп жұмған аузын ашпай отырғанға ұқсайды.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети