Семейде тұрғындар жылу мәселесіне шағымданды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Семейде тұрғындар жылу мәселесіне шағымданды Tengrinews.kz

Семейдегі Энергетик ықшамауданында тұрғындар жылу мәселесіне шағымданды. 10 желтоқсанда таңертең пәтерлер салқындай бастаған. Қала әкімшілігінің мәліметінше, бұл жағдай арнайы жүйенің істен шығуына байланысты болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Семейдегі Энергетик ықшамауданында тұрғындар жылу мәселесіне шағымданды. 10 желтоқсанда таңертең пәтерлер салқындай бастаған. Қала әкімшілігінің мәліметінше, бұл жағдай арнайы жүйенің істен шығуына байланысты болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бүгін, 10 желтоқсанда сағат 4:00-де №5 мектеп-интернатының жылу көзінде ҚКШ (қож бен күл шығару) жүйесі істен шығып, жылумен жабдықтау параметрлері төмендеді. "Теплокоммунэнерго" МКК-ның 12 қызметкері жағдайды қалыпқа келтіру үшін жұмыс істеп жатыр, жылу мүмкіндігінше тез қалпына келтіріледі", - деп хабарлады Семей әкімдігінің баспасөз қызметі өкілдері.

Облыстық әкімдік өкілдерінің мәліметінше, бұл жүйенің істен шығуына байланысты төрт қазандық қондырғысының жұмысында ақау байқалған.

"ҚКШ жүйесінің бұзылуы 1,2,3,4 қазандық агрегаттарының жұмысының бұзылуына және салқындатқыш сұйықтықтың температуралық параметрлерінің төмендеуіне әкелді. Тікелей құбырдың температурасы 75 градустан 50 градусқа дейін төмендеді. Температура режимін сақтау үшін сағат 06:00-де 3 қазандық блогы іске қосылды, кейін жүйе тазаланды", - деп хабарлады Абай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

"Теплокоммунэнерго" МКҚК қызметкерлері жылу көзінің ақауын жою және қалыпты режимде жұмысын қалпына келтіру бойынша қажет шараларды істеп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети