Семейде із-түзсіз жоғалып кеткен әйел өлі табылды

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Семейде із-түзсіз жоғалып кеткен әйел өлі табылды

Семейде 4 желтоқсаннан бері полицейлер мен еріктілер іздеген әйелдің мәйіті табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Семейде 4 желтоқсаннан бері полицейлер мен еріктілер іздеген әйелдің мәйіті табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

35 жастағы Адэль Хамзина 4 желтоқсанда үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған. Оның әпкесі сол күні полицияға хабарласып, 1987 жылы туған сіңлісін іздеуге көмектесуін өтінген.

Абай облыстық полиция департаментінің мәліметінше, Адэль Хамзинаның денесі Семей шетіндегі Степной ауылының маңынан табылған.

"Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларының барысында Степной ауылының маңынан 35 жастағы әйелдің мәйітін тапты. Бұл дерек бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады ІІД-нің баспасөз қызметі.

Өлімнің себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети