14 маусым 2018 | 10:58

Семейдегі "топан су": Қалада төтенше жағдай салдарын жою бойынша жұмыс жүріп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ҚР ТЖК © ҚР ТЖК

Семейде жауын-шашын салдарын жою жұмыстары жүргізіліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ ТЖК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

Семейде жауын-шашын салдарын жою жұмыстары жүргізіліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ ТЖК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Синоптиктердің мәліметінше, қалада жауын-шашынның он күндік нормасы түсіп, кей көшелер мен тұрғын үйлерді су басқан. Ал желдің күші секундына 16 метрге жеткен. Осы уақытта 101 және 112 телефондарына 200-дей қоңырау шалынған. 

"Жиналып қалған судан адамдар Селевин көшесі бойымен көпір астында және Әуезов даңғылына дейін Галинка көшесі бойында кептелісте тұрып қалған. ТЖ мен коммуналдық қызмет суды әлі де техникамен сорып жатыр. Үш көлік, бір мотопомпа, бір өрт сөндіру су сору станциясы мен 12 адам жұмыс істеп жатыр", - деп хабарлады ТЖК өкілдері. 


Сурет ҚР ІІМ ТЖК 

Мұның алдында ауа райы жарты сағаттай бұзылғаны хабарланған. Осы уақытта қалада айтарлықтай қолайсыздықтар туған. Көптеген тұрғын автобус келмегендіктен аялдамалардан жаяу қайтқан. Қаланың кей жерлерінде Интернет пен электр қуаты болмаған.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети