08 қазан 2022 | 15:17

Семейдегі зауыт жұмысшылардың 84 миллион теңгеге жуық жалақысын кешіктірген

ПОДЕЛИТЬСЯ

Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Семей машина жасау зауытының қызметкерлері Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа видео үндеу жасады. Олар жалақыны жүйелі түрде кешіктіру мәселесін шешуді сұрайды, қарыз 84 миллион теңгеге дейін өскен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Иконка комментария блок соц сети

Семей машина жасау зауытының қызметкерлері Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа видео үндеу жасады. Олар жалақыны жүйелі түрде кешіктіру мәселесін шешуді сұрайды, қарыз 84 миллион теңгеге дейін өскен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Ер адамдардың айтуынша, зауыт жұмысшыларға төрт ай бойы жалақы бермеген, мұндай жағдай бірнеше жылдан бері қайталанып келеді. Қызметкерлер өз отбасыларын қамтамасыз ету, жылыту маусымына дайындалу қажет екенін түсіндірді, ал бұл уақытта олар жай күтуге мәжбүр.

"Бұл жағдай екі жылдан бері жалғасып келеді. Сонымен қатар, зейнетақы да, медициналық сақтандыру да төленбейді, адамдар жай ғана ауруханаға барып, қарала алмайды. Балалары киімсіз, аяқкиімдері жоқ, ал мектептерде оқу басталды. Алда жылыту маусымы келе жатыр, біз коммуналдық қызметтерді төлей алмаймыз, отынды да, көмірді де сатып ала алмаймыз", - дейді бір топ ер адам.

Сондай-ақ, кәсіпорын жұмысшылары отбасын асырау үшін бұрыннан алған несиелерін өтей алмай, жаңа несие ала алмайтындарын айтады. Барлық мүлік бұрыннан ломбардқа өткізілген. Өтініш білдірген ер адамдар Президенттен жағдайға ықпал етуді сұрайды. Олар зауыттың теміржол люктерінен басқа тапсырыстарды орындауға мүмкіндігі бар екенін атап өтті.

Абай ауданы әкімінің баспасөз қызметі өкілдерінің айтуынша, облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев Семмашзавод кәсіпорнының қызметкерлерімен кездескен. Нәтижесінде Семейдегі зауытты қалпына келтіру мәселесін реттейтін жұмыс тобы құрылды.

"Қазір кәсіпорында қайта қалпына келтіру жұмысы жүріп жатыр, осыған байланысты жұмысшыларға еңбекақы төлеуде қиындықтар туындады. Жазда сот кәсіпорынды қайта қалпына келтіру жоспарын бекітті. Қарыз маусымнан қыркүйекке дейін 84 млн теңгеге жуықтаған", - деп хабарлады Абай ауданы әкімінің баспасөз қызметі өкілдері.

Облыс әкімі жағдайды өз бақылауына алды. Жұмыс тобының өкілдерімен мәселе әрі қарай зерттелетін болады.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети