24 маусым 2022 | 18:00

Семейдің жаңа елтаңбасы бекітілді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Семей әкімдігі Фото: Семей әкімдігі

Депутаттар Семей қаласының гербі мен оның толық сипаттамасын бекітті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әкімдік баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Депутаттар Семей қаласының гербі мен оның толық сипаттамасын бекітті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әкімдік баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қалалық гербтің шеңбер түрінде болуы мәңгіліктің символын айшықтайды.

Жасыл түс - табиғаттың, үйлесімділік пен тепе-теңдік символын білдіреді, сондай-ақ, қайта жаңғырумен байланысты. Геральдика заңдары бойынша күн өмір жолын сипаттайды.

Гербтің ішінде - бақыт символы түріндегі ою-өрнекпен көмкерілген шаңырақ бейнесі бейнеленген. Айқас төрт бөліктің арасында кітап, қарағай, түйе және көпірдің сұлбасы бейнеленген. Бұл барлық төрт бөліктің теңдігінің дәлелін білдіреді. Кітап Семей қаласын Қазақстанның рухани-мәдени орталығы, Абай, Шәкәрім, көрнекті жазушы Мұхтар Әуезов сынды ұлы ойшылдардың Отаны ретінде бейнелейді.

Шаңырақтың сол жақ бөлігінде орналасқан қарағай суреті өңірдің табиғи бейнесінің ажырамас бөлігі ретінде бейнеленген (Семейде бірегей қарағай орманы орналасқан). Түйелер - ғасырлар жүгін арқалаған дала кемесіндей, сондай-ақ ескі гербтің тарихи құндылығын бейнелейді. Революцияға дейін Семей қаласы Ресей мен Батыс Қытай қалаларының сауда орталығы болған және Жібек жолының бөлігі саналған.

Жаңа көпір - заманауи жетістіктердің көрсеткіші және Семей қаласының көрікті жері саналады. "Семей" атауы символдың төменгі жағында орналасқан және алтын әріптермен жазылған.

Алтын түс - әл-ауқат пен өркендеудің символы. Сары және көк түстің араласуы жасыл түске айналып, жомарттықтың, жанданудың және жақсы істің бастамасының символын білдіреді.

"Бейбітшілік" аралының "Түйемойнақ"  стеласындағы жеті қарлығаштың бейнесі – қырық  жылғы атом сынақтарын жеңгенінің айқын көрінісі саналады. Қазақ халқы үшін жеті саны қасиетті, көптеген ұғымдар "Жеті ұрпақ", "Жеті Қара" және т.б. осы санмен байланысты.

Қарлығаштардың шаңырақты айнала ұшуы шексіздікті, қаламызға мәңгілік бейбітшілік пен келісім тілейді. Олар өз ұяларын бейбітшілік пен тыныштық орнаған гүлденген шаңыраққа салады. Осылайша, Семей қаласының жаңа гербінде қаланың рухани, тарихи, табиғи және заманауи келбеті көрініс тапқан.

Елтаңбаның авторы қалалық мәдениет сарайының қоюшы суретшісі Әмірбек Ерлан Шаяхметұлы.

Бұған дейін Абай облысы Шығыс Қазақстан облысынан бөлініп шыққан болатын. Семей қаласы облыс орталығы болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети