Семейлік әйел қаржы пирамидасын жарнамалағаны үшін бас бостандығынан айырылды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: Tengrinews.kz/Әлихан Сариев Фото: Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

Семейлік әйел қаржы пирамидасын жарнамалағаны үшін бес жылға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Семейлік әйел қаржы пирамидасын жарнамалағаны үшін бес жылға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Семейдің 57 жастағы тұрғыны Ақтөбе, Атырау, Ақтау, Алматы, Семей, Павлодар қалаларында тұратын басқа тұлғалармен сөз байласып, 2016 жылы Ақтөбе тұрғыны жасап шығарған смартфон түріндегі ұялы телефон арқылы пайдаланылатын Шығыс Қазақстан облысының тұрғындарына арналған "APPPORT" мобильді қосымшасын жарнамалап, үгіт- насихат жұмыстарын жүргізген.

"UNNNITY corporation" ЖШС сайтына жеке бас пайдасын көздей отырып, қаражат тарту мақсатында "APPPORT" мобильді қосымшасын пайдаланушылар кәсіпкерлерге "APPPORT" порталы арқылы белгілі бір мерзімге дейін өз қызметтерін жарнамалауға мүмкіндігі болатынын айтып сендірген. "UCREDIT" (виртуальді валюта) сатып алу кезінде, сондай- ақ жаңа тұлғаларды тіркеген жағдайда белсенді қатысушыларға қосымша бонус алуға болатыны туралы жалған ақпарат таратқан", - делінген хабарламада.

Көптеген азаматтар жарнамаға сеніп, 350 мыңнан 2 миллион теңгеге дейінгі көлемде қаражаттарын салған. Осылайша 2016-2024 жылдар аралығында әйел өзінің таныстарымен бірігіп 2 мыңға жуық адамды алдап, оларға жалпы сомасы 2,5 миллиард теңгеге жуық материалдық шығын келтірген.

Сот оны қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танып, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 217-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, 7 жыл мерзімге қаржы және коммерциялық ұйымдарда басшылық қызмет атқару құқығынан айыра отырып, 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

"Сотталған жазасын өтеу үшін Семей қаласындағы ең төменгі қауіпсіздік мекемесіне келді. Қазір ол карантин бөлімінде жатыр. Онымен оқу-түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр, карантиндік бөлімнен шыққаннан кейін сот шешімімен талап-арыздарды өтеу үшін ақы төленетін жұмысқа орналасады", – дейді мекеме басшысының орынбасары Дархан Бигазиев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.48  course up  582.55  course up  6.31  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer