04 наурыз 2014 19:04

Семейліктер жылу қазандығы түтінінен тұншығып отыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тengrinews.kz ©Тengrinews.kz

Семей қаласының жеке секторының тұрғындары жылу қазандығы түтінінен тұншығып отыр деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Тұрғындардың айтуынша, "Ғаббасов" қазандығы соңғы кездері қатты түтіндететін болған. Бұдан жылу көзіне жақын орналасқан аумақ тұрғындары зардап шегіп отыр. "Біз осы түтіннің кесірінен балаларды мектепке апарғанда қиналамыз. Әсіресе, жел біздің жаққа соққан кезде медициналық препаратсыз жүру мүмкін емес. Қазір аулаға кір іле алмайтын болдық, үйде кептіруге мәжбүрміз, әйтпесе киімдер қап-қара болады", - дейді тұрғын Светлана Комаликова. Зейнеткер Хайша Кеншімбаева жылу қазандығына қарама-қарсы үйде тұрады. Әйел күн сайын үйінің есігін қатты шүберекпен қымтайды, себебі үйіне түтін кіреді. "Таң атқанда желдің қай жақтан соғып тұрғанын қарап аламын. Егер маған қарай соғып тұрса, өзімді жайсыз сезінемін, үйіме күйік иісі сіңетінін ойлап, басым ауыра бастайды", - дейді Семей тұрғыны. Жеке сектор тұрғындары жылу қазандығы мұржасына сүзгі орнатып, атмосфераға таралатын қалдықты азайтуды сұрайды. Олардың айтуынша, кеңес дәуірі кезінде билік өкілдерінің жылу қазандығы ауданында тұратындарға басқа жақтан баспана берілетінін айтқанын және бұл жерде саябақ аймағын ашуға уәде бергенін еске алады. Ал жылу қазандығы өкілдері қалада барлық қазандықтың осылай түтін шығаратынын және олардың ешқайсысында сүзгі жоқ екенін айтып отыр. Олардың уәжіне қарағанда, тұрғындар қазандық түтінінен емес, өз үйлерінің түтінінен зардап шегіп отыр. Өйткені қазандықтың мұржасы биікте, оның түтіні жерге жетпейді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети