Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астана қаласы әкімі Әсет Исекешев таныстырған әлеуметтік инфрақұрылым дамуы жайлы жоспарды мақтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астана қаласы әкімі Әсет Исекешев таныстырған әлеуметтік инфрақұрылым дамуы жайлы жоспарды мақтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Нұр Отан" партиясының кеңейтілген отырысы барысында Әсет Исекешев халықтың әлеуметтік игілін дамыту жайлы жоспарын таныстырды.
Нақтылай келгенде қала әкімі еңбекпен қамту мен білім беру бағдарламаларын дамыту, елордалық жастарға қолдау көрсету, тұрғын-үй коммуналдық ауыл шаруашылығын дамыту, шағын және орта бизнеске қолда көрсетіп, жана жұмыс орындарын ашу жайлы айтып өтті.
"Smart Astana мобильді қосымшасы жұмыс істеп тұр. Ол 60 қызмет түрін ұсынады. Ең танымал қызмет көрсету түрі - дәрігерге жазылу. Мысалы, бұрын емханаға алдын ала қоңырау соғып немесе ертерек келуге тура келетін, ал қазір бұл үшін 2-3 минут уақыт кетеді", - деді әкім цифрландыру жайлы айта отырып.
"(...) Жоспарлардың барлығы орындаоып жатса, меңінше, бұл қалғандары үшін де үлгі болды. Сені бүкіл Қазақстан тыңдады. Менің ойымша, барлығы сенен үлгі алатын болады", - деді Нұрсұлтан Назарбаев Әсет Исекешевке.