"Сені туғанша тумағаным артық еді". Шымкентте баласын аяусыз ұрған әйел видеоға түсіп қалды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
видео кадры видео кадры

Шымкенттегі ауруханалардың бірінде баласын аяусыз ұрып жатқан әйелдің видеосы тарады. Жантүршігерлік кадрларды жергілікті тұрғын Instagram-парақшасында жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Шымкенттегі ауруханалардың бірінде баласын аяусыз ұрып жатқан әйелдің видеосы тарады. Жантүршігерлік кадрларды жергілікті тұрғын Instagram-парақшасында жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видеодан әйел адам ауруханада баласын басқа әйелдердің көзінше ұрып, былапыт сөздер айтып жатқанын көруге болады. Әйел адам баласының жылап жатқанына да мән бермейді. "Сені туғанша тумағаным артық еді", - дейді видеодағы әйел.

Видео Желіде тарап кеткеннен кейін ауруханаға Шымкенттің бала құқықтары жөніндегі уәкілі Жаннета Жазықбаева келді. Оның сөзінше, әйел адам немере ағасына тұрмысқа шыққан екен. Қан араласып, екеуінің екі баласы қайтыс болып кеткен, біреуіне балалардың церебральды сал ауруы деген диагноз қойылған. Әйел адам видеоға түсіп қалған әрекетін түсіндірген. Оның сөзінше, әйел баланы байқамай ұрып жіберген.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Dina Tansari (@dinatansari)

"Баланы не үшін ұрдыңыз" деп сұрағанымда ол байқамай ұрып жібергенін айтты. "Қалай байқамай ұрып жібересіз" деп едім, оған сол сәтте біреу хабарласып қалғанын айтты. Сөйтіп, бала жылап кеткен. Ол әйелдің бес баласы болған екен, екеуі қайтыс болған. Бірінші баласы құсығына шашалып өлген, екінші дұрыс жетілмей қайтыс болған", - дейді Жаннета Жазықбаева.

Оқиға Шымкент қалалық балалар клиникалық ауруханасында болған. Ауруханада бұл дерек бойынша тексеріс жүріп жатыр. Бастапқыда бала өкпе ауруына байланысты ауруханаға түскен. Бүгінде баланың жағдайы орташа, хаттама бойынша ем қабылдап жатыр.

"Бала 16 қарашада пневмониямен түскен. Бөлім басшысы бұл жағдай туралы хабардар. Ол баланың анасымен түсіндіру жұмыстарын жүргізді, әйелге психологиялық көмек көрсетілді. Баланың денесі көгермеген", - дейді Шымкент қалалық балалар клиникалық ауруханасы бас дәрігерінің емдеу бөлімі бойынша орынбасары Қаламқас Даумбаева.

Шымкенттің Полиция департаменті өкілдері бұл жайтқа қатысты әзірге пікір білдірмеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro