20 желтоқсан 2021 | 14:31

Сенат адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы заң жобасын Мәжіліске қайтарды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

Сенаторлар "Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы" заң жобасына түзетулер енгізіп, оны Мәжіліске қайтарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Сенаторлар "Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы" заң жобасына түзетулер енгізіп, оны Мәжіліске қайтарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сенат отырысы барысында заң Қазақстандағы уәкілдің мүмкіндіктерін кеңейтетіні, оның мақсаттарын, міндеттерін, қағидаттарын және қызметке сайлану қағидаларын айқындайтыны айтылды. Бұдан бөлек, омбудсменнің өкілдіктері енді еліміздің әрбір өңірінде ашылуы тиіс.

Жаңа түзетулерге сәйкес, ерекше қажет болған жағдайларда уәкіл Президентке, Парламент палаталарына және Үкіметке тікелей жүгіне алады.

Енгізілген түзетулер туралы Сенаттың Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы Владимир Волков айтып берді.

"Заң жобасын жұмыс топтарында талқылау барысында келіп түскен ескертулер мен ұсыныстарды ескере отырып, Мәжіліс мақұлдаған заң жобасына өзгерістер енгізу қажеттілігі туындады.

Біріншіден, заң жобасында адам құқықтары жөніндегі уәкілге берілген қол сұғылмаушылық кепілдігін бекіту кезінде біркелкі көзқарасты қамтамасыз етуге бағытталған түзетулер енгізу ұсынылады, өйткені оған қатысты әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс жүргізу кезінде уәкілге берілетін артықшылық негізгі заң жобасында бекітілмеген, негізгі заң жобасын "Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасына сәйкес келтіру ұсынылады", - деді сенатор.

Оның айтуынша, ұлттық алдын алу тетігінің қызметін реттейтін қолданыстағы кодификацияланған және басқа да заңнамалық актілерге сәйкес жыл сайынғы шоғырландырылған баяндаманы адам құқықтары жөніндегі уәкіл емес, үйлестіру кеңесі дайындайды.

Заң жобасының негізгі нормаларын қолдай отырып, Сенат оны Мәжіліске қайтарды. Сонымен қатар, уәкілдің қызметіне қатысты үш заң жобасын сенаторлар екі оқылымда қабылдады.

Бұған дейін адам құқықтары жөніндегі уәкілдің құқықтарын кеңейту жоспарланып отырғаны хабарланған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети