Сенат адвокаттық қызметке қатысты заң жобасын Мәжіліске қайтарды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

Сенаторлар адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы заң жобасына түзетулер мен өзгертулер енгізіп, Мәжіліске қайта жіберді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Сенаторлар адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы заң жобасына түзетулер мен өзгертулер енгізіп, Мәжіліске қайта жіберді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Парламенттің жоғарғы палата депутаттары "осы заңның кейбір нормаларына қатысты қоғамда айтылған пікірлерді ескере отырып" түзетулер енгізілгенін айтты.

Сенаторлар бұрын заң кеңесшісі мәртебесін алу үшін кейбір үміткерге заңдарды білу деңгейін анықтайтын ​​тестілеуден өтуді алып тастау рұқсат етілген норма дұрыс емес екенін айтып, ол ережені алып тастады.

"Бұл заң жобасы бойынша механикалық жұмысты орындайтын әділет органының қарапайым маманы да атестаттаудан өтпейтін болып шықты. Сонымен қатар, мұндай маман атақартын жұмыс сарапшыларға қойылатын талаптардан әлде қайда жоғары", - деп түсіндірді сенаторлар.

Сонымен қатар, олар декреттік демалыста немесе бала күтімінде жүрген заң кеңесшілерін жарна төлеуден толық босатуды ұсынды. Сенаторлардың пікірінше, уақытша еңбекке жарамсыздығына байланысты қатарынан екі айдан артық жұмыс істемейтін адвокаттар жарна төлемеуі керек, ал ауылдық жерлердегі кеңесшілере депутаттар 50 пайыздық жеңілдік беруді ұсынды.

"Заң жобасы азаматтардың құқықтарын қорғау кепілдігін арттыруға, қылмыстық процесте тараптар құқығын тең сақтауға, қорғаушы және заң кеңесшілері институттарын жетілдіруге оң ықпал етеді деген үмітте", - деді сенатор Ләззат Сүлеймен.

Бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев депутаттарға сот процесінде прокурор мен адвокат теңдігін қамтамасыз ету туралы өтініш жасағаны хабарланған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 496.04  course up  517.04  course up  5.48  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer