Сенат букмекерлер туралы заң жобасын қабылдады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: sportsdaily.ru Фото: sportsdaily.ru

ҚР Парламентінің жоғары палатасы бірнеше заңды қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

ҚР Парламентінің жоғары палатасы бірнеше заңды қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Депутаттар "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" ҚР салық кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы және "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" заң жобаларын қабылдады.

Сондай-ақ, Сенат "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне шетел валютасындағы ипотекалық қарыздар, көрсетілетін төлем қызметтері нарығының субъектілерін реттеуді жетілдіру, жалпыға бірдей декларациялау және экономикалық өсуді қалпына келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын да қабылдады.

Заңға енгізілген өзгеріс  2016 жылғы 1 қаңтарға дейін берілген әрі жылжымайтын мүлікпен қамтамасыз етілген халықтың шетел валютасындағы ипотекалық қарыздары бойынша жұмыстарды аяқтауға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ ақшаны жылыстату, капиталды елден шығару қаупін азайту және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл мақсатында төлем жүйелерімен қоса, банктік емес ұйымдардың қызметін реттеудің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Банктерге қазақстандықтардың қатысуынсыз валюталық зайымдарды конверсиялауға рұқсат беріледі.

Сонымен қатар, жоғары палата "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" заңды қабылдады.

Заң жобасында букмекерлік кеңсенің клиеніне қатысты ақпарат алу туралы норма бар. Осы мақсатта Қазақстанда ставкаларды есепке алу орталығын және ставкаларға қатысушылар туралы ақпарат базасын құруды жоспарланып отыр.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 523.18  course up  595.41  course up  6.37  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro