Сенат депутаттығына үміткерлер кім болып жұмыс істейді?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сенат депутаттығына үміткерлер кім болып жұмыс істейді? Сурет: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Орталық сайлау комиссиясы 12 тамызда өтетін сайлауға Сенат депутаттығына кандидаттардың қорытынды тізімін бекітті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Орталық сайлау комиссиясы 12 тамызда өтетін сайлауға Сенат депутаттығына кандидаттардың қорытынды тізімін бекітті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ақпарат бойынша, 2020 жылы 23 шілдеде сағат 18-дегі жағдай бойынша облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының сайлау комиссиялары Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының 17 мандатына 94 ұсынылғандардан 58 кандидатты тіркеді. Орташа есеппен бір орынға 3 адам үміткер. Өңірлер арасында ең көп кандидат саны Нұр-Сұлтан қаласында және Ақмола облысында – 5 адам тіркелген.

Тіркелген үміткерлердің ішінде 48 (82,8 пайыз) ер мен 10 (17,2 пайыз) әйел (салыстыру ретінде: 2017 жылы 47 (90,7 пайыз) ер мен 5 (9,3 пайыз) әйел, 2014 жылы 51 (96,1 пайыз) ер мен 2 (3.9 пайыз) әйел).

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Берік Имашев әйелдердің саяси белсенділігі сақталып келе жатқанын атап өтті. Тіркелген кандидаттар арасында - 10 әйел, бұл 17,2 пайыз. Өткен сайлау науқанымен салыстырғанда бұл көрсеткіш 2 есеге дерлік өсті.

Мамандықтар бойынша: 19 – инженер, 13 – экономист, 8 – педагог, 7 – аграрлық сала қызметкерлері, 5 – дәрігер, 3 – заңгер, 1 – саясаттанушы, 2 - басқалар.

Кандидаттар арасында 21 коммерциялық құрылымдардың қызметкері; 16 мемлекеттік ұйымдардың, кәсіпорындар мен мекемелердің қызметкері; 12 мемлекеттік қызметші, 5 қоғамдық ұйымдардың өкілі, 4 Сенат депутаты бар.

"23 шілдеде сағат 18-ден бастап Сенат депутаттығына тіркелген барлық үміткер сайлау алдындағы үгітті бастай алады, ол биылғы 11 тамызда сағат 00.00-ге дейін жалғасады.

Сенат депутаттығына кандидаттарға үгіт жұмысын жүргізу тең жағдайда өтуіне заңнама кепілдік береді", - делінген хабарламада.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Алматыда қоймадан өрт шықты
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 509.21  course up  592.35  course up  6.64  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети