Сенат депутаты әскерден "қашып", Ресейге кетіп жатқандардың мәселесін көтерді

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сенат депутаты әскерден "қашып", Ресейге кетіп жатқандардың мәселесін көтерді

Сенат депутаты Сергей Ершов әскерге шақырылушылардың Солтүстік Қазақстан облысынан көрші Ресей Федерациясына ұшып жатқаны туралы мәселені көтерді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сенат депутаты Сергей Ершов әскерге шақырылушылардың Солтүстік Қазақстан облысынан көрші Ресей Федерациясына ұшып жатқаны туралы мәселені көтерді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сенатор бұл ақпарат кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында пайда болғанын айтты.

"Жақында БАҚ-та әскерге шақырылушылар әскер қатарына бармау үшін Солтүстік Қазақстаннан Ресейге қашып жатқаны туралы ақпарат шықты. Мысалы, бүгінде көрші мемлекет аумағында көктемде шақырылуы керек 250-ге жуық әскерге шақырылушы бар. Прокуратура өкіліне сұрағым: шынында да солай ма? ...Бұл жігіттерге не болады?" - деп сұрады комитет отырысында сенатор Ершов.

Бас әскери прокурордың бірінші орынбасары Мақсат Қазиевтің айтуынша, қадағалау органы мен Қорғаныс министрлігі бұл жағдайдан хабардар, олар өз өкілеттіктері шеңберінде жұмыс істеп жатыр.

"Бастапқы кезеңде 120 адам - Ресей Федерациясында оқитын студенттер (екені нақтыланды - еск.). Егер оларда, шынында да, оқитыны туралы құжаты болса, кейінге қалдырылады", - деп түсіндірді бас әскери прокурордың бірінші орынбасары.

Ал ешқандай жерде оқымайтындардың Қазақстан аумағында болған кезде әскерден жалтарушылар ретінде танылу қаупі бар екен.

"Олар бәрібір келеді (үйге - еск.), көші-қон туралы заң бар ғой. Оларды мұнда әкелуге міндеттеуге құқығымыз жоқ. Олай болмайды", - деді бас әскери прокурордың бірінші орынбасары.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети