Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Сенат депутаты Иран Әміров өмірден өтті

06 Қазан 2014, 21:17
0
Иран Әміров. Фото parlam.kz сайтынан алынды
Иран Әміров. Фото parlam.kz сайтынан алынды

Сенат депутаты Иран Әміров дүниеден озды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz. ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметі бүгін, яғни 6 қазан күні 70 жастағы Иран Әміровтің қайтыс болғанын хабарлады. Депутат ұзаққа созылған сырқаттан көз жұмған. 

Иран Әміров сенатор лауазымына 2008 жылы Ақтөбе облысынан сайланған. Ол бұған дейін ҚР Парламенті Сенатының Конституциялық заңнама, сот жүйесі және және құқық қорғау органдары комитетінің мүшесі болып қызмет етті. Иран Әміров Қазақстанның еңбек сіңірген заңгері және республиканың құрметті судьясы атанған. Ол әр жылдарда Ақтөбе облыстық сотының төрағасы, Жоғарғы Сот Кеңесінің мүшесі секілді лауазымды қызметтер атқарды.  

Парламенттің Жоғарғы палатасында сенатор Әміров бірқатар заңдарды талқылау барысында өзінің ұсыныстарын енгізді. Мысалы, "Неке және отбасы" Кодексі қабылданарда депутат Иран Әміров шетелдік азаматтар ҚР азаматтарымен үйленетін болса, онда міндетті түрде қазақша білуі керек" деген талап енгізді. 2011 жылы депутат жезөкшелікпен күресу жолдарын ұсынды. Сондай-ақ, Қытай Қазақстан қанытастарындағы миграциялық мәселелерге алаңдатушылық білдірді. 

Естеріңізге саламыз, биыл 2008 жылы қазанда сайланған депутаттардың мерзімі аяқталды. Олардың арасында Иран Әміров те бар. 

 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай