13 мамыр 2021 | 11:51

Сенат депутаты оңтүстіктен солтүстікке қоныс аудару бағдарламасын сынға алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Сенат депутаты Әлімжан Құртаев "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылу барысын сынға алды. Депутаттың айтуынша, әкімдіктер қоныс аударушыларға лайықты жағдай жасамайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Сенат депутаты Әлімжан Құртаев "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылу барысын сынға алды. Депутаттың айтуынша, әкімдіктер қоныс аударушыларға лайықты жағдай жасамайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Депутат премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановқа сауал жолдады.

"Көшуге ниет білдірген отбасы оларды қабылдайтын өңір туралы толық ақпарат ала алмайды. Сондықтан оларда таңдау шектеулі. Кейбір әкімдік отбасын қалаған ауылына емес, әкімдік көрсеткен ауылға жібереді. Тағы бір мәселе - тұрғын үй мәселесі. Кейбір өңірде жаңа жеке тұрғын үйлерді салу жұмысымен фермерлік шаруашылықтар айналысады және үйді ресми келісу процесін толық өткізбестен тұрғыза береді. БАҚ-та жарияланған ақпарат бойынша, құрылыстың сапасы қойылатын талаптарға сай емес", - деді Құртаев палата отырысында.

Сенатор түсіндіру жұмыстарын күшейтуді ұсынды. Оның айтуынша, қоныс аударушылар үшін call-орталықтар ашу қажет, онда толық ақпарат пен барлық сұраққа жауап берілуі керек.

"Сall-орталықтар тиімді жұмыс істеуі үшін бос жұмыс орындары, тұрғын үймен қамтамасыз ету, өңірде шаруашылықтың қандай түрімен айналысуға болатыны және т.б. мәселелер бойынша көшуге ниет білдіргендерге ақпарат бере алатын мамандарды тарту қажет. Банкте несиесі бар қоныс аударушыларға 6 айдан 1 жылға дейінгі мерзімге демалыс беруге болады. Бұл да маңызды, себебі көшу барысында туындайтын қарыздар салдарынан азаматтарға субсидия беруден бас тартылады", - деді Әлімжан Құртаев.

Тұрғындарды Қазақстанның оңтүстігінен солтүстігіне көшіру бойынша "Еңбек" бағдарламасы "жұмыс күші артық өңірден - жұмыс күші тапшы өңірлерге" қағидаты бойынша жұмыс істейді. 2025 жылға дейін оңтүстік өңірлерден 10 мыңға жуық отбасы Солтүстік Қазақстанға қоныс аударуды жоспарлап отыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети