Сенат жаңа Бюджет кодексін Мәжіліске қайтарды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сенат жаңа Бюджет кодексін Мәжіліске қайтарды Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Бүгін Сенат депутаттары жаңа Бюджет кодексінің жобасын қарастырып, оның кейбір баптарын мақұлдамай, құжатты Мәжіліске қайта қарауға жіберді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бүгін Сенат депутаттары жаңа Бюджет кодексінің жобасын қарастырып, оның кейбір баптарын мақұлдамай, құжатты Мәжіліске қайта қарауға жіберді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сенаттың Қаржы және бюджет комитеті бірқатар өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажеттігін мәлімдеді. Атап айтқанда, жергілікті бюджет комиссиясының төрағасы мен хатшысын тағайындау нормаларын нақтылау, жол құрылысына арналған шығындарды бюджет деңгейлері арасында қайта бөлу, салықтық жеңілдіктер, Ұлттық қорды басқару, бюджеттік міндеттемелерді қаржыландыру және мемлекеттік төлемдерді бақылауға қатысты түзетулер енгізу ұсынылды.

Сонымен қатар, сенаторлар экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктер беру тәртібін өзгерту, Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферт тарту механизмін қайта қарау және мақсатсыз трансферттерді міндетті түрде қайтару нормасын енгізуді ұсынды.

"Осы айтылғандарды ескере отырып, Қаржы және бюджет комитеті Конституцияның 61-бабы 4-тармағына сәйкес кодекстің жекелеген баптарын мақұлдамауды және оны Мәжіліске осы баптардың жаңа редакциясын ұсыну арқылы қайтаруды ұсынады", – деді Сенат депутаты Бекбол Орынбасаров.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети