Сенат депутаттары Жоғарғы сот төрағасының кандидатурасын бекітті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл қызметке Мейрамбек Таймерденов тағайындалды.
Сенат депутаттары Жоғарғы сот төрағасының кандидатурасын бекітті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл қызметке Мейрамбек Таймерденов тағайындалды.
Сенат депутаттары Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Жоғарғы Соттың судьясы қызметіне Мейрамбек Таймерденовті тағайындау туралы ұсынысын қарады.
"Мемлекет басшысы мақұлдауымен, Сенатттың бекітуімен Мейрамбек Таймерденовті Жоғарғы соттың судьясы қызметіне тағайындау туралы ұсыныс енгізілді. Таймерденов - танымал, тәжірибелі заңгер. Ол прокуратура, әділет органдарында және ұзақ жылдар бойы сот жүйесінде еңбек етті. Судьялық жұмыс өтілі 15 жылдан асады, оның ішінде басшы судьялық қызметте 11 жылдан аса қызмет атқарды. Кезінде Алматы қалалық сотының басшысы болған. Сот жүйесінде жұмыс істеген кезінде өзін Жоғары сот біліктілігінің маманы және тәжірибелі судья ретінде көрсетті", - деді Жоғарғы Сот Кеңесінің төрағасы Талғат Донақов Сенат отырысында сөйлеген сөзінде.
Сенаторлар кандидатураны қолдады.
Мейрамбек Таймерденов 1958 жылы 7 қарашада Алматы облысы, Қаскелең ауданы, Шамалған ауылында дүниеге келген. Заң ғылымдарының докторы, профессор.
Мамандығы бойынша еңбек жолын 1983 жылы Талдықорған заң техникумын бітіргеннен кейін Қаскелең аудандық халық сотының сот орындаушысы, аға сот орындаушысы лауазымынан бастады.
1994 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген.
1992 жылдан 1997 жылға дейін Алматы облысының прокуратура органдарында, Бас прокуратурада жұмыс істеді.
Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 27 наурыздағы № 3433 Жарлығымен Алматы облысы Жамбыл аудандық сотының судьясы лауазымына тағайындалды.
Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 16 қарашадағы № 265 Жарлығымен Алматы облыстық сотының судьясы болып тағайындалды.
2000 жылдың тамызынан бастап Алматы облысы Әділет басқармасының бастығы, 2001 жылдың желтоқсанынан бастап Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі комитетінің төрағасы, 2006 жылдың ақпанынан бастап Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Жанындағы Сот әкімшілігі комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды.
Президенттің 2007 жылғы 26 наурыздағы № 301 Жарлығымен Алматы облыстық сотының төрағасы қызметіне тағайындалды.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 279 Жарлығымен Алматы қалалық сотының төрағасы қызметіне тағайындалды.