Сенат Қазақстан бюджетіне түзетулерді қабылдады

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

Сенат депутаттары "Ұлттық қордан 2022-2024 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы" заңды және 2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджетке түзетулерді қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Сенат депутаттары "Ұлттық қордан 2022-2024 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы" заңды және 2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджетке түзетулерді қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Түзетілген макроэкономикалық болжам негізінде бюджет кірістерінің болжамы нақтыланды. 2022 жылы республикалық бюджет кірістері 10,2 триллион теңгеге бағаланып отыр, бұл бекітілген жоспардан 955 миллиард теңгеге жоғары. Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферт көлемі 4 030 миллиард теңгеге дейін немесе 1 630 миллиард теңгеге ұлғайтылады. Қаражат Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындауға бағытталады. Республикалық бюджет шығыстарын нақтыланған көлемге қатысты 2,7 триллион теңгеге ұлғайта отырып, 18,8 триллион теңге сомасында анықтау ұсынылды", - деді ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров палата отырысында.

Депутаттар бірауыздан дауыс берді.

Сенат спикері Мәулен Әшімбаев реформалардың басты мақсаты экономикалық өсу, ұлттық байлықты әділ бөлу және қазақстандықтардың өмір сүру сапасын жақсарту үшін қажетті жағдайлар жасау екенін атап өтті. Бұл ретте, Әшімбаевтың айтуынша, бөлінген қаражат пен атқарылып жатқан жұмыстар нақты нәтиже беруі маңызды.

"Республикалық бюджеттің әрбір теңгесі бөлініп, тиімді жұмсалуы керек. Ұлттық қордың қаражатын дұрыс пайдалану керек", - деп қосты Мәулен Әшімбаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Тоқаев Шымкентке барды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 518.07  course up  589.9  course up  6.27  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro