Сенат Мәжіліске бюджет туралы заң жобасын қайтарды

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сенат Мәжіліске бюджет туралы заң жобасын қайтарды Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Сенат депутаттары Мәжіліске 2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасын түзетулермен қайтаруға дауыс берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сенат депутаттары Мәжіліске 2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасын түзетулермен қайтаруға дауыс берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Заң жобасын талқылау барысында Сенат комитеттері мен депутаттарының ескертулері мен ұсыныстарын ескере отырып, Мәжіліс мақұлдаған заң жобасына мынадай негізгі бағыттар бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажеттігі туындады:

  • 2022 жылы мемлекеттік қызметшілерге факторлық-балдық шкаланы енгізу - 44,4 миллиард теңге;
  • тасжолдарды реконструкциялау мен дамытуға жалпы сомасы 8,2 миллиард теңге, оның ішінде 2022 жылы 4,5 миллиард теңге;
  • су құбыры желілерін салу және жөндеу жалпы сомасы 8,1 миллиард теңгеге, оның ішінде 2022 жылы - 3,8 миллиард теңгеге;
  • 2022 жылы газбен жабдықтауға - 1,2 миллиард теңге;
  • жеке тұрғын үй құрылысының инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымының құрылысы жалпы сомасы 3,3 миллиард теңге, оның ішінде 2022 жылы - 2 миллиард теңге", - деп атап өтті сенатор Ольга Перепечина.

Сонымен қатар, оның айтуынша, функцияларды беруге байланысты мемлекеттік органдар арасында қаражат қайта бөлінді, депутаттардың басқа да ұсыныстары қолдау тапты.

"Қаржы және бюджет комитеті Мәжіліске "2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заң жобасына өзгерістер мен толықтырулар енгізуді ұсынады", - деп қорытындылады Перепечина.

Депутаттар заң жобасын Мәжіліске қайтаруға дауыс берді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети