ҚР Парламентінің Сенаты өз шешімімен Жоғарғы соттың екі судьясын қызметтерінен босатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ҚР Парламентінің Сенаты өз шешімімен Жоғарғы соттың екі судьясын қызметтерінен босатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Сенат депутаттары Владимир Борисов пен Елена Ақмолдаеваны отставкаға кетуіне байланысты Жоғарғы сот судьясы қызметінен босатуға дауыс берді. Сенатор Серік Ақылбайдың түсіндіруінше, бұл - "құрметті отставка".
Жоғарғы палата Венера Сейтімованы да ТМД Экономикалық сотының судьясы қызметінен босатты. Ол басқа қызметке тағайындалды.
Сондай-ақ бүгін Жоғарғы сот судьясы қызметіне Абай Рахметулин мен Бейбіт Шермұхаметовтердің кандидатурасы мақұлданды. Парламент Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев сайланған судьяларға бейтарап әрі әділетті болуға тілек білдірді.