Сенат рақымшылық туралы заң қабылдады

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: Тұрар Қазанғапов Фото: Тұрар Қазанғапов

Бүгін, 2 жетоқсанда сенаторлар "Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы" заңды қабылдады. Алдын ала мәлімет бойынша, 14 мыңнан аса сотталушы рақымшылыққа ілінеді, оның ішінде мыңға жуық адам босатылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Бүгін, 2 жетоқсанда сенаторлар "Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы" заңды қабылдады. Алдын ала мәлімет бойынша, 14 мыңнан аса сотталушы рақымшылыққа ілінеді, оның ішінде мыңға жуық адам босатылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Заңға сәйкес, Қылмыстық кодекстің кейбір баптары бойынша сотталғандарға жазаның өтелмеген бөлігі қысқартылады не пробациялық есептен шығарылады, ал онша ауыр емес қылмыстық істер бойынша іс жүргізу тоқтатылады.

"Бүгін біз Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша дайындалған маңызды заңды қабылдадық. Рақымшылық – бұл гуманизм актісі, заңды бұзған азаматтарға қатысты мемлекеттің ізгі ниеті мен білдірген сенімі. Ол жасаған әрекетінің ауырлығы ескеріле отырып, ардагерлерге, кәмелет жасына толмағандарға, егде жастағы азаматтарға, I, II топтағы мүгедектерге және азаматтар мен мемлекеттің қауіпсіздігіне аса қатер төндірмейтін адамдарға қатысты қолданылады", - деді Мәулен Әшімбаев.

Террористік және экстремистік қылмыс жасап сотталғандарға рақымшылық жасалмайды. Осылайша, алдын ала деректер бойынша 14 мыңнан аса сотталған адам рақымшылыққа ілігеді, олардың тек бір мыңға жуығы ғана бостандыққа шығады.

Енді заң Президентке қол қоюға жіберіледі және ол қолданысқа енгізілген күннен бастап 6 ай ішінде рақымшылық жасалады.

Сонымен қатар, заңда Үкімет пен әкімдіктер рақымшылық жасалғандарға жұмысқа орналастыру мен емделу бойынша әлеуметтік көмек көрсететіні жазылған. Бұл - Қазақстанның тәуелсіздік тарихындағы тоғызыншы рақымшылық.

Қазақстанда кімдерге рақымшылық жасалады?

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Тоқаев Шымкентке барды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 515.28  course up  583.05  course up  6.14  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro