Сенат референдум туралы заң жобасын Мәжіліске қайтарды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Сенат депутаттары референдум туралы заң жобасына түзетулер енгізіп, Мәжіліске қайтарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Сенат депутаттары референдум туралы заң жобасына түзетулер енгізіп, Мәжіліске қайтарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Комитет атынан салыстырмалы кестені қарауды және Қазақстан Республикасы Конституциясының 61-бабы 5-1-тармағына сәйкес Сенатқа "Республикалық референдум туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының жобасына өзгерістерді Парламент Мәжілісіне жіберуді ұсынамын", - деді Сенат депутаты Андрей Лукин.

Құжаттың алдыңғы нұсқасына сәйкес, Тұңғыш Президент мәртебесіне байланысты мәселелер республикалық референдум нысанасы бола алмайды.

Сенаторлардың ұсынысы - бұл норманы заң жобасынан алып тастау. Әңгіме қолданыстағы Заңның 3-бабы 2-тармағы туралы болып отыр.

"Республикалық референдум туралы" Конституциялық заң 1995 жылы қабылданды. Осы кезеңде заңнамалық актілер мазмұнын жақсартуға бағытталған бірқатар өзгеріс болды. Алайда Конституциялық заңның кейбір нормалары ескіргендіктен, ережелер "Құқықтық актілер туралы" заңның 24-бабы 3-тармағына сәйкес нақты және әртүрлі түсіндіруге жатпайтын мағынаны қамтуға тиіс. Заң жобасы республикалық референдумның қорытындыларын шығару кезінде бюллетеньдерді жарамсыз деп тану қағидалары бойынша өзгерістерді көздейді. Сонымен қатар, референдумға қатысу құқығын іске асыру кезінде азаматтың дауыс беру рәсімі нақтыланады. Бұл ретте, заң жобасын талқылау барысында Мәжіліс мақұлдаған заң жобасына толықтыру енгізу қажеттігі туындады. Түзету "Республикалық референдум туралы" Конституциялық заңның 3-бабына енгізіледі", - деді Андрей Лукин.

Енді бұл заң жобасын Мәжіліс депутаттары қайта қарап, келіскен жағдайда құжат одан әрі Мемлекет басшысының қол қоюына жіберіледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro