Сенат сайлауы 2017 жылдың жазында өтеді - ҚР ОСК

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сенат сайлауы 2017 жылдың жазында өтеді - ҚР ОСК © Тұрар Қазанғапов

Жазда Қазақстанда Сенат депутаттығына үміткерлердің кезекті сайлауы өтеді. Бұл туралы ҚР Орталық сайлау комиссиясындағылар айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жазда Қазақстанда Сенат депутаттығына үміткерлердің кезекті сайлауы өтеді. Бұл туралы ҚР Орталық сайлау комиссиясындағылар айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Жазда, 30 маусымға дейін Сенат депутаттығына үміткерлердің кезекті сайлауы өтуі тиіс. Бұл сайлауларда басты жұмысты Астана және Алматы қаласындағы сайлау комиссиясының өкілдері атқарады. Дайындықты алдын ала бастау керек", - деді ҚР ОСК төрағасының орынбасары Владимир Фоос.

Оның айтуынша, 16 депутат таңдалады. Әр облыстан және Астана мен Алматы қалаларынан бір депутаттан таңдалады.

Сондай-ақ, наурыз бен қазанның соңғы жексенбілерінде заңға сәйкес мәслихат депутаттары сайланады. Мәслихат депутаттарының сайлауы 58 сайлау округінде, оның ішінде 13 облыстық, 9 қалалық және 36 ауданық мәслихатта өтеді.

"Тамыз айының басында аудандық маңызы бар қалаларда әкімдердің сайлауы және ауылдық округтерде әкімдердің сайлауы басталатынын ұмытпау керек", - деді ОСК басшысының орынбасары.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети