Сенат сайлауы: үміткерлердің үгіт-насихаты аяқталды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Парламент Сенатының ғимараты. ©Тұрар Қазанғапов Парламент Сенатының ғимараты. ©Тұрар Қазанғапов

Бүгін - 29 қыркүйек күні ҚР Парламенті Сенаты депутаттығына үміткерлердің сайлауалды үгіт-насихаты аяқталады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Бақыт Мелдешке сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Бүгін - 29 қыркүйек күні ҚР Парламенті Сенаты депутаттығына үміткерлердің сайлауалды үгіт-насихаты аяқталады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Бақыт Мелдешке сілтеме жасап.

"Үгіт науқанының шеңберінде Сенат депутаттығына кандидаттардың таңдаушылармен кездесулер өткізу кестесіне сәйкес, 11-29 қыркүйек аралығындағы кезеңде өңірлерде осындай 266 кездесу өтті", - деді Орталық сайлау комиссиясының хатшысы брифингте.

Оның айтуынша, 48 республикалық және 150 өңірлік баспа басылымына, 16 республикалық және 30 өңірлік телеарнаға, 7 ақпараттық агенттік пен 108 неғұрлым танымал қоғамдық-саяси интернет-ресурсқа жүргізілген мониторинг бойынша 2014 жылғы 1 тамыз бен 28 қыркүйек аралығында БАҚ-та сайлау науқанына арналған 900-ден астам материал жарияланған. Олардың 256-сы электрондық БАҚ-та, 150-і баспа және 495-тен астамы интернет желісінде жарық көрген.

"2014 жылғы 30 қыркүйекте, сондай-ақ, дауыс беру күні – 1 қазанда кез келген сайлау алдындағы үгітке тыйым салынады.
Бұған дейін сайлау комиссияларының үй-жайлары мен дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс ілінген үгіттік баспа материалдары бұрынғы орындарында сақтала береді. Дауыс беруге дейінгі бес күн бойы және дауыс беру күні қоғамдық пікірді сұрау нәтижелерін, сайлау қорытындыларының болжамдарын, сайлауға байланысты басқа зерттеулерді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға рұқсат етілмейді. Қазіргі сәтте республика бойынша Сенат депутаттығына барлығы 39 кандидат тіркелді", - деді Бақыт Мелдеш.

Сайлау күніне дейінгі екі күнде кандидатты тіркеу туралы шешімнің күшін жоюға немесе бұған дейін тіркеуден шығарылған кандидатты қайта тіркеуге рұқсат етілмейтіндігін ескерсек, кандидаттардың барлығы алдағы сайлауға қатысады. Сенат депутаттығына кандидаттарды тіркеу мерзімінің аяқталу сәтіне тіркелген 53 кандидаттың 14-і тіркеу мерзімі аяқталғаннан кейін сайлау додасынан өз өтініштері бойынша шығып қалған. Қазіргі уақытта барлық қажетті қорғау дәрежелері бар жасырын дауыс беруге арналған бюллетеньдер әзірленіп жатыр.

Таңдаушылардың бірлескен отырысына облыстың барлық мәслихаттарынан өкіл болатын, сайланған депутаттар санының елу пайызынан астамы қатысса, отырыс заңды деп саналмақ. Сонымен қатар, дауыс беру өткізілген болып есептелуі үшін таңдаушылардың бірлескен отырысына болған таңдаушылардың елу пайызынан астамы дауыс беруге қатысуы тиіс.

"Екінші турда басқа кандидатқа қарағанда дауыс беруге қатысқан таңдаушылардың дауыс санының көпшілігін алған кандидат жеңіске жетті деп есептеледі. Қазір облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссиялары дауыс беруге арналған пункттерді ұйымдастыру мен жабдықтау бойынша жұмыстарды аяқтады", - дейді ОСК хатшысы Б.Мелдеш.

Кандидаттардың сенім білдірген адамдарына, Қазақстан Республикасы саяси партияларының, қоғамдық ұйымдары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне, сонымен қатар шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушыларына сайлаудың барлық рәсімдеріне толық және тиімді мониторинг жүргізу мүмкіндігі қамтамасыз етіледі.

26 қазанда 48 округте өтетін мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орны туралы айтсақ, қазіргі уақытта кандидаттарды ұсыну аяқталды. Қатыстырылған облыстық және Алматы қалалық сайлау комиссиялары ұсынған мәліметтерге сәйкес, барлығы 152 үміткер ұсынылған.  

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 523.18  course up  595.41  course up  6.37  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro