12 қыркүйек 2014 16:27

Сенат сайлауына республика бойынша 53 үміткер тіркелді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тұрар Қазанғапов ©Тұрар Қазанғапов

1 қазанда өтетін ҚР Парламенті Сенаты депутаттарының сайлауын әзірлеу және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарына байланысты үміткерлерді тіркеу аяқталды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ләззат Сүлейменге сілтеме жасап.


1 қазанда өтетін ҚР Парламенті Сенаты депутаттарының сайлауын әзірлеу және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарына байланысты үміткерлерді тіркеу аяқталды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ләззат Сүлейменге сілтеме жасап.

Сенат сайлауының 16 мандатына Астана мен Алматы қаласы және 14 облыстан сайлау комиссиялары 88 үміткердің тек 53-ін ғана тіркеуден өткізген. Еліміздің бес аймағында бір орынға бес адамнан келетін болса, қалған облыстарда үш адамнан келеді. Ұсыну кезінде үміткерлердің 18-і сайлау додасынан шығып қалды. Шарт бойынша қажетті мерзім ішінде құжатын тапсырмаған 17 үміткерді тіркеуден бас тартылды.

"Барлық аймақ бойынша тіркелгендердің тек екеуі ғана - әйел адам. Ал мамандық бойынша 21 инженер, 9 ауыл шаруашылығы қызметкері, 8 экономист, 8 дәрігер, 4 оқытушы, 1 заңгер бар", - деді Ләззат Сүлеймен.

Үміткерлердің 4-еуі - Сенат депутаты, 22-сі - мемлекеттік мекеме қызметкері. 16-сы коммерциялық құрылымда, 9-ы ғылым, мәдениет, білім беру денсаулық сақтау салаларында жұмыс істейді.

"Бүгіннен бастап Сенат депутаттығына үміткер ретінде тіркелген барлық адам күнтізбелік жоспар бойынша 2014 жылдың 29 қыркүйегіне дейін сайлау алдында жүргізілетін үгітке кірісе алады. Қазір олардың барлығына сайлау алдында үгіт жұмыстарын жүргізуге тең құқық беріліп отыр", - деді Ләззат Сүлеймен Орталық сайлау комиссиясында өткен баспасөз мәслихатында.

Айта кететіні, БАҚ арқылы үгіт жүргізу үшін әрбір үміткерге теледидардан 15 минут, радиодан 10 минут сөз сөйлеуіне, баспасөзде 0,1 көлемнен аспайтын екі мақала жариялауына республикалық бюджеттен тең деңгейде қаражат қарастырылған.

Сенат депутаттығынан үміткерлердің сайлау алдындағы үгіті заңда белгіленген тәртіппен құрылатын сайлау қорларының есебінен қаржыландырылуы мүмкін. Бұл орайда үміткерлер жалпы қоры 13 976 200 теңгеден аспайтын сайлау қорын құра алады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети