05 тамыз 2014 | 16:31

Сенат сайлауында кей аймақтарда бір орынға алты адам таласады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Парламент Сенатының ғимараты. ©Тұрар Қазанғапов Парламент Сенатының ғимараты. ©Тұрар Қазанғапов

Алдағы Сенат сайлауында негізгі бәсекелестік бір орынға - төрт үміткерден. Бірақ кейбір өңірлерде бір орынға алты адам таласуы мүмкін. Бұл туралы Тengrinews.kz тілшісі ОСК төрағасы Қуандық Тұрғанқұловқа сілтеме жасап хабарлайды.


Иконка комментария блок соц сети

Алдағы Сенат сайлауында негізгі бәсекелестік бір орынға - төрт үміткерден. Бірақ кейбір өңірлерде бір орынға алты адам таласуы мүмкін. Бұл туралы Тengrinews.kz тілшісі ОСК төрағасы Қуандық Тұрғанқұловқа сілтеме жасап хабарлайды.

"Біздегі мәлімет бойынша ҚР Сенатына үміткер ретінде ұсынылғандардың саны республика бойынша 72 адамды құрады. Бұл - орта есеппен әрбір орынға төрт үміткерден келеді деген сөз. Қазір ең аз үміткер деген аймақта бір орынға үш адам таласатын болса, ең көп үміткер тіркелген аймақта бір орынға алты адамнан келіп отыр. Олардың ішінде әйелдер саны төртеуден аспайды", -деді бүгін Қуандық Тұрғанқұлов ОСК отырысында.

ОСК шетелдің, халықаралық ұйымның байқаушысы сауалнамасының мәтінін бекітті, оларды тіркеу қыркүйектің 25-іне дейін жалғасады. Ал кандидаттарды ұсыну тамыз айының соңғы күніне дейін созылмақ.

Еске сала кетейік, ҚР Парламенті Сенатының сайлауы қазанның біріне белгіленіп отыр. ҚР "Сайлау туралы" конституциялық заңына сәйкес, Парламент Сенаты депутаттарының сайлауы бюджеттен қаржыландырылады. Биылғы сайлауға 136 млн теңге бөлініп отыр. Сайлауда әрбір үміткерге үгіт-насихат жұмыстары үшін мемлекет есебінен 395 000 теңге қарастырылған. Оның 115 000 мың теңгесі теледидардан өз бағдарламасы бойынша сөйлеуге, 60 мың теңгесі радиодан сөйлеуге, 105 мың теңгесі басылымдарда материал жариялауға қарастырылған. Сондай-ақ, бөлінген соманың 20 мың теңгесі тыңдаушылармен кездесу үшін үй-жайды жалға алуға, үгіттік баспа материалын басып шығаруға 25 мың теңге, облыстар үшін 70 мың, Астана және Алматы қалалары үшін көліктік шығыстарға 35 мың теңге бөлінген.

Қуандық Тұрғанқұловтың айтуынша, үміткерлерге белгіленген шығыстарды есептеу кезінде үгіт жүргізетін аймақтарда БАҚ, баспахана мен көлік қызметтеріне қалыптасқан бағалар ескеріліп отыр.

Сенат сайлауы кезінде шетелдің, халықаралық ұйымның бақылаушысымен, шетелдік БАҚ өкілімен бірге жеке басын куәландыратын құжатты ұсынған жағдайда аудармашының ілесіп жүруіне рұқсат берілген.

Парламенттің жоғарғы палатасында барлығы 47 депутат бар, оның 15-ін Мемлекет басшысы, 32-сін мәслихаттар (әр облыстан, республикалық маңызы бар қаладан екі адамнан) тағайындайды. Сенат депутаттары алты жыл мерзімге сайланады. Үш жыл сайын сенаторлардың жартысы қайта сайланады.

 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети