Сенат спикері Мәулен Әшімбаев кибербуллинг туралы заң жобасының кейбір нормалары төңірегіндегі резонанс туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Парламент палатасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сенат спикері Мәулен Әшімбаев кибербуллинг туралы заң жобасының кейбір нормалары төңірегіндегі резонанс туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Парламент палатасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Парламент Сенаты бюросының мүшелері 14 сәуірге жоспарланған отырыстың күн тәртібін бекітті. Депутаттар "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне баланың құқықтарын қорғау, білім беру, ақпарат және ақпараттандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын қарауды жоспарлап отыр.
"Балаларды буллинг және кибербуллингтен қорғау - маңызды міндет. Бұл заң жобасының кейбір ережелері қоғамда белгілі бір резонанс тудырғанын білемін. Қазақстандықтардың жекелеген заң жобаларын талқылаудағы мұндай белсенділігі қоғам пікірімен санасу тұрғысынан үлкен маңызға ие. Сенаторлар барлық ұсынылған норманы мұқият және мазмұнды зерделеу жұмыстарын жалғастырып жатыр. Балалар құқығын қорғау мүддесінде сапалы заң қабылдау маңызды. Сонымен қатар, қоғамдық пікірді ескермеуге болмайды, заң жобасы "еститін мемлекет" ұғымына қайшы келмеуі керек", - деді Мәулен Әшімбаев.
Сонымен қатар, бюро мүшелері отырыстың күн тәртібіне төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильиннің көктемгі су тасқыны жағдайы туралы баяндамасын енгізген.
"Өздеріңіз білетіндей, палатаның соңғы отырысында сенатор Сергей Ершов осы тақырып бойынша депутаттық сауалын айтып, еліміздегі гидротехникалық құрылыстардың жартысына жуығы апатты жағдайда екенін атап өтті. Осыған байланысты Сенат спикерінің бастамасы бойынша су тасқынына қарсы жүргізіліп жатқан жұмыстар, сондай-ақ мұндай жағдайлардың қайталануына жол бермеу шаралары туралы білу үшін төтенше жағдайлар министрін таяудағы палата отырысына шақыру туралы шешім қабылданды", - деді Сенатта.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!