Сенат спикері ұлттық қор қаражатына қатысты алаңдаушылық білдірді

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Сенат спикері Мәулен Әшімбаев Ұлттық қордан бөлінген қаржының игерілуіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Сенат спикері Мәулен Әшімбаев Ұлттық қордан бөлінген қаржының игерілуіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сенат отырысында Мәулен Әшімбаев биліктің алдында қаражатты 100 миллиард долларға дейін ұлғайту міндеті тұрғанына қарамастан, Ұлттық қор қаражатының қысқару үрдісін атап өтті.

"Қазір біз ұлттық қор қаржысының төмендеу тенденциясын көріп отырмыз. Кейінгі 8 жылда ұлттық қорымыздың қаржысы 73 миллиард доллардан 57 миллиард долларға дейін түскен. Яғни, төмендеу тенденциясына куә болып отырмыз. Бірақ сонымен бірге ұлттық қор қаржысын 100 миллиард долларға дейін жеткізу туралы Президент тапсырмасын да орындауымыз керек. Алда Мәжілістің жаңа депутаттары келеді, жаңа партиялар, жаңа күн тәртібі алға шығады. Жаңа бастамаларға ақша сұрайды. Олардың өз міндеттері бар екені түсінікті. Дауыс берушілерге жұмыс істеп жатқанын көрсетуі керек. Бүгінде ұлттық қор қаражатын пайдалану мәселесі, жалпы экономиканың дамуы оңай болып тұрған жоқ. Сондықтан бәріміз қаржылық тәртіпке келуіміз керек", - деді ол.

Ол Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевқа депутаттардың алдағы кезеңде қаржылық тәртіпті сақтауын қадағалауға шақырды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro