Сенат спикеріне үкіметтің отставкаға кетуі туралы сұрақ қойылды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевқа үкіметтің отставкаға кету ықтималдығына байланысты сұрақ қойылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевқа үкіметтің отставкаға кету ықтималдығына байланысты сұрақ қойылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

2024 жылдың 7 ақпанында Астанада үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді. Бұл туралы Сенат кулуарында палата спикері Мәулен Әшімбаев мәлім етті. Сондай-ақ, журналистер оған министрлер кабинетінің отставкаға кетуі күтіле ме деген сұрақ қойды.

"Біріншіден, мен мұндай сұрақтарға (жауап беруге) құзыретті емеспін және құзырлы емеспін. Бұл жерде қандай да бір пікір берсем, дұрыс болмайды. Жалпы, менің ойымша, үкімет белсенді жұмыс істеп, өз міндеттерін орындап жатыр. Әрине, сіздер, БАҚ жазып жатқан кемшіліктер бар. Жалпы, бүгінде Үкімет Мемлекет басшысы бастаған кешенді реформаларды жүзеге асыру үшін қажеттінің барлығын жасап жатыр. Парламент тарапынан, атап айтқанда, Сенат тарапынан біз қажетті құқықтық базаны жасаймыз", - деді Әшімбаев журналистердің сұрағына жауап бере отырып.

Еске салайық, Астанада Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қатысатын үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді деп күтіледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.48  course up  582.55  course down  6.31  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro