13 қазан 2016 15:40

Сенат Тәжікстанмен Стратегиялық әріптестік туралы шартты ратификациялады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Сенат кеңейтілген отырыста "Қазақстан Республикасы мен Тәжікстан Республикасы арасындағы Стратегиялық әріптестік туралы шартты ратификациялау туралы" заң жобасын ратификациялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі strategy2050.kz сайтына сілтеме жасап.


Сенат кеңейтілген отырыста "Қазақстан Республикасы мен Тәжікстан Республикасы арасындағы Стратегиялық әріптестік туралы шартты ратификациялау туралы" заң жобасын ратификациялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі strategy2050.kz сайтына сілтеме жасап.

"2015 жылғы 14 қыркүйекте Душанбе қаласында жасалған Шарттың мақсаты екіжақты қарым-қатынастарды стратегиялық әріптестік деңгейіне шығару болып табылады. Шарт жоғары және биік деңгейде кездесулер тетігін жетілдіруді және тұрақты түрде пікір алмасуды өткізу және екіжақты қарым-қатынастар мәселелері мен өзара мүддені білдіретін халықаралық өзекті проблемалар бойынша ұстанымдарды келісуді көздейді", - деді Сыртқы істер министрінің орынбасары Мұхтар Тілеуберді.

Шартқа сәйкес тараптар екінші тарапқа қарсы бағытталған күш қолданудан немесе күш қолдану қатерінен тартыну міндеттемесін растайды, тараптар әрі жаһандық, әрі өңірлік ауқымда бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайту мақсатында өзара іс-қимыл жасайды, қазіргі кезеңдегі қатерлер мен қыр көрсетулерге қарсы күш біріктіруді үйлестіреді.

"Шартпен әскери, әскери-техникалық, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық, азаматтық қорғаныс және энергетика салаларында ынтымақтастықты кеңейту көзделген", - деді ол.

Сонымен қатар, бейінді комитет өз қорытындысында атап өткендей, шарттың мақсаты екі жақты қарым-қатынасты екі елдің саяси, экономикалық және мәдени салалардағы тығыз өзара іс-қимылының ұзақ мерзімді болашағына бағытталған стратегиялық әріптестік деңгейіне шығару болып табылады. Шартта жоғарғы және жоғары деңгейлердегі кездесулердің тетіктерін жетілдіру және тұрақты түрде пікір алмасу және өзара қызығушылық туғызатын өзекті халықаралық проблемалар мен екі жақты қарым-қатынас мәселелері бойынша позицияларды келісу көзделеді.

Осылайша, Шартқа сәйкес, тараптар бір-біріне қарсы бағытталған күш қолдануға немесе күштеп қорқытуға жол бермеу міндеттемесін растайды, жаһандық және өңірлік ауқымда бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайту мақсатында өзара іс-қимыл жасайды, қазіргі сын-тегеуріндер мен қауіптерге қарсы іс-қимыл жасау бойынша өз күшін үйлестіреді.

Шарттар әскери, әскери-техникалық, сауда-экономикалық, мәдени-ізгілікті салалардағы, азаматтық қорғаныс пен энергетика саласындағы ынтымақтастықты кеңейту көзделеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети