ҚР Парламенті Сенатының депутаты Қожахмет Баймаханов Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне берілетін біржолғы ақшалай сыйлықты республика бойынша бірдей мөлшерде етіп реттеуді ұсынды, - деп хабарлайды Теngrinews.kz тілшісі.

Бүгін Сенаттың жалпы отырысында сауал жолдау кезінде депутат Қожахмет Баймаханов төрағаға өтініш жасады.
"Менің айтайын дегенім - соғыс ардагерлеріне берілетін бір реттік ақшалай көмек турасында... Қазір мереке қарсаңында баспасөз беттерінде әр өңірде ардагерлерге берілетін ақшалай сыйлық туралы жазуда. Бір облыста 50 мың теңге болса, келесісінде 150 мың теңге дегендей. Осыны өзіңізбен ақылдаса отырып, Үкіметке ұсынсақ. Жалпы, республика бойынша бұл сыйлықты біркелі ету керек деген ұсынысым бар", - деді Қожахмет Баймаханов.
Еске сала кетейік, бұған дейін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова 9 Мамырға орай Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне берілетін біржолғы төлемдердің көлемі жергілікті бюджеттің мүмкіндігіне қарай белгіленгенін айтқан болатын.