Сенатор арнайы жасақ қызметкерлеріне жасалған шабуылға қатысты пікір білдірді

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сенатор арнайы жасақ қызметкерлеріне жасалған шабуылға қатысты пікір білдірді Фото ©️ Tengrinews.kz / Алихан Сариев

Сенат депутаты Марат Қожаев Астанада арнайы мақсаттағы жедел әрекет ету жасағы қызметкерлерін соққыға жыққан оқиғаға пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сенат депутаты Марат Қожаев Астанада арнайы мақсаттағы жедел әрекет ету жасағы қызметкерлерін соққыға жыққан оқиғаға пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға қалай болды?

21 қаңтарда шамамен сағат 14:00-де үш ер адам жедел уәкілмен Астанадағы Есіл аудандық полиция басқармасына барған. Сот мәліметінше, олар полиция қызметкеріне жеке заттарын тасымалдауға көмектесу үшін барған. Сол жерде олардың арасында жанжал туындап, арнайы жасақ қызметкерлері соққыға жығылған. Салдарынан бір жәбірленуші орташа ауырлықтағы, екіншісі, жеңіл дене жарақатын алған.

Астана қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты маусымда үкім шығарды. Үш ер адам да билік өкілдеріне олардың қызметтік міндеттерін орындау кезінде дене жарақатын келтіргені үшін кінәлі деп танылды. Әрқайсы үш жылға бас бостандығынан айырылды.

Сенатор пікірі

Tengrinews.kz журналисі Үкімет кулуарында сенатор Марат Қожаевтан соққыға жығылған полиция қызметкерлерінің дайындығы туралы сұрады: егер олар өзін толыққанды қорғай алмаса, қарапайым азаматтарды қалай қорғайды?

"Сіздер күмәнданбаңыздар - арнайы жасақтың дайындығы тиісті деңгейде. Иә, бұл қақтығыс туралы естідім. Өкінішке қарай, бұл оқиға мен бұрын жұмыс істеген мекемеде болды (Қожаев - полицияның генерал-лейтенанты, бұрынғы ішкі істер вице-министрі - еск.). Жағдайдың егжей-тегжейін өздеріңіз білесіздер. Сот шешімін түсіндіре алмаймын. Ал дайындыққа келсек - олар (арнайы жасақ - еск.) тиісті дайындықтан өтеді. Қарсы тарап та, шамасы, жақсы дайындалған болуы керек", - деді Марат Қожаев.

Арнайы мақсаттағы жедел әрекет ету жасағы - ішкі істер министрлігі жүйесіндегі арнайы тапсырмаларды орындауға арналған бөлім.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети