14 шілде 2015 | 11:54

Сенатор Әйтімова қазақстандық дипломаттардың қаржы мүддесін қорғады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бірғаным Әйтімова. ©vk.com Бірғаным Әйтімова. ©vk.com

Сенатор Әйтімова қазақстандық дипломаттардың қаржы мүддесін қорғады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Сенатор Бірғаным Әйтімова ел үкіметінің атына жолданған сауалды оқып, дипломаттардың базалық зейнетақысын есептеу әдісін қайта қарауды сұрады.


Иконка комментария блок соц сети

Сенатор Әйтімова қазақстандық дипломаттардың қаржы мүддесін қорғады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Сенатор Бірғаным Әйтімова ел үкіметінің атына жолданған сауалды оқып, дипломаттардың базалық зейнетақысын есептеу әдісін қайта қарауды сұрады.

"Әрине, олар мемлекетке жұмыс істейді, ерікті түрде отанынан кетеді. Сондықтан, олардың бүкіл әлемдегі еңбегі ерекше бағаланады. Әрине, мұнда мәселе жас атташенің өз өмірін дипломатияға арнаған, зейнетке дейін жұмыс істеген, көп уақыт бойы ұзақ мерзімді іссапарда болған жағдайлары жайлы болып отыр. Олар бұйрық бойынша елге 2-3 жылға келеді, содан кейін ол жұмыс бабымен қайта кетуге мәжбүр. Сонда шығатыны, оның әйеліне немесе күйеуіне базалық зейнетақыны 10 жылдық еңбек тәжірибесімен есептейді. Сондықтан, олардың әдісін өзгерту керектігін сұраймын. Базалық зейнетақыны есептеудің әдістемесін өзгерту", - деді Бірғаным Әйтімова. Оның сөзінше, мұнда мәселе дипломатиялық қызметкерлердің үлкен құрамы жайлы емес.

"Менде осыған ұқсас жағдай. Айталық, менің күйеуім бар, мен өмір бойы шетелде жұмыс істесем, ал мен 10 жыл істедім, сонда менің күйеуіме 10 ғана жылдың еңбек өтілі болып есептеле ме? Қалғаны ешқандай да есептеусіз қала ма?", - деді сенатор.

Сонымен қатар, өз сауалында депутат дипломатиялық қызметкерлердің жалақысының төмен екенін атады. "Екінші мәселе, бізді жалақы жүріп жатқанда, ал бізде теңгемен беріледі, бізде ішкі істер министрлігінің жұмысшыларының 0,25 пайызы ғана ғой. Сондықтан зейнетақы есептелгенде азғантай жалақы болып шығады", - деді депутат.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети