Сенатор Хасан Қасымбаевпен алыс туыстығын растады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сенатор Хасан Қасымбаевпен алыс туыстығын растады Хасан Қасымбаев, Жанболат Жоргенбаев. Видео кадры, senate.parlam.kz

Алматы облысынан сайланған Сенат депутаты Мұхтар Жөргенбаев жақында қамауға алынған Хасан Қасымбаевпен туыс екенін растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысынан сайланған Сенат депутаты Мұхтар Жөргенбаев жақында қамауға алынған Хасан Қасымбаевпен туыс екенін растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұған дейін БАҚ беттерінде депутат Қасымбаевтың туысы деген ақпарат тараған болатын.

"Иә, мен әлеуметтік желідегі жазбаларды көрдім. Ол ақпаратқа сенсек, мен Қасымбаевтарға қатысты Талғарда болған жағдайға әсер етіппін.

Аслан Қасымбаевтың қызметіне қатысты ешкімге ешқандай өтініш айтпағанымды ресми түрде мәлімдеймін. Оның үстіне Хасан Қасымбаевқа қатысты жүріп жатқан тергеуге де ешқандай әсер еткен жоқпын", - дейді Жөргенбаев.

Депутат Қасымбаевпен алыс туыс екенін айтты.

"Туыс екенімізге қатысты: иә, ол менің алыс туысым екенін растаймын. Қазақта туыс көп қой. Бірақ үнемі байланыста жүрдік деп айта алмаймын. Ары кетсе, тойларда немесе туыстар жиналып қалатын жерлеу сияқты рәсімдерде кездесіп қалатынбыз", - деді депутат.

Еске салайық, бұған дейін де полиция Хасан Қасымбаевтың ұсталуына қатысты пікір білдірді.

Полиция департаментінің мәліметінше, Қасымбаев 2 қарашада ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған. Ол азамат А.ны ұрлап, денсаулығына ауыр зиян келтірді деген күдікке ілінген. Оқиға 2021 жылғы маусымда болған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети