Сенатор мал ұрлығы үшін жазаны қатайтуды ұсынады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сенатор мал ұрлығы үшін жазаны қатайтуды ұсынады Сенатор Қуаныш Айтаханұлы ©Мансұр Хамит

"Мал ұрлығына қатысты жазаны ауырлатып, қылмыскердің мүлкін тәркілеу керек деп есептейді сенатор Қуаныш Айтаханұлы. Мұндай пікірді депутат бүгінгі Сенат отырысында Қылмыстық кодекс жобасын талқылау барысында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.  

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Мал ұрлығына қатысты жазаны ауырлатып, қылмыскердің мүлкін тәркілеу керек деп есептейді сенатор Қуаныш Айтаханұлы. Мұндай пікірді депутат бүгінгі Сенат отырысында Қылмыстық кодекс жобасын талқылау барысында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.  

"Қазіргі таңда республика жұртшылығының 45 пайызы ауылда тұрса, соның басым бөлігінің күнкөрісі - төрт түлік мал. Дегенмен, барған сайын елімізде мал ұрлығы өршіп барады. Жыл он екі ай бойы күтіп бағып отырған малынан бір күнде айырылып қалу, ауыл тұрғындары үшін үлкен трагедия. Ал қолданыстағы тәжірибеде мал ұрлығы орта санаттағы қылмысқа жатқызылғандықтан, қылмыскерлер көбінесе шартты түрде сотталып, жәбірленушіге келтірілген материалдық шығын қайтарымсыз қалып жатыр", - деді депутат Қуаныш Айтаханұлы жұма күні өтіп жатқан Сенаттың жалпы отырысында.

Сенатордың сөзіне қарағанда, қазір жазаның жеңілдігіне орай, қылмыскерлер мал ұрлығынан тыйылмай отыр. Мұндай фактілер де аз емес әрі депутаттарға көптеген хаттар да келіп жатыр. "Сондықтан да жаңа Қылмыстық кодекстің ұрлыққа қатысты 188-бабындағы жазаны ауырлатып, жәбірленушіге келтірілген материалдық шығынды еселеп қайтару үшін айыппұл мөлшерін арттырып, олардың мүлкін тәркілеу керек деп есептеймін", деді Қуаныш Айтаханұлы.

Еске сала кетейік, бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында палата депутаттары Қылмыстық кодекс жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети