Сенатор Назарбаевтың ұсынысы жайлы: Бұл дінге сенуге тыйым салу деген сөз емес

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сенатор Назарбаевтың ұсынысы жайлы: Бұл дінге сенуге тыйым салу деген сөз емес Бірғаным Айтымова.

Сенат депутаты Бірғаным Әйтімова Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қазақстандықтарға қара киімге тыйым салуға қатысты ұсынысына қатысты пікірін білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сенат депутаты Бірғаным Әйтімова Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қазақстандықтарға қара киімге тыйым салуға қатысты ұсынысына қатысты пікірін білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Адамдардың діни сенім бостандығына деген құқығы. Бұл құқық адамға максималды, мүмкіндігінше және жан-жақты беріледі. Сондай-ақ, Конституцияда Қазақстан зайырлы мемлекет ретінде көрсетілген, сондықтан зайырлы мемлекеттің ережелері мен заңдары барлығына бірдей болуы тиіс. Сол себепті барлық отбасыға және балаларға осыны түсіндіру керек. Мектепке қалай киіну керектігін балалардың өздері шешпейтіні анық", - деді Әйтімова.

Оның айтуынша, Қазақстан діни мемлекеттер сияқты бола алмайды, себебі бізде араб елдері мен Израильмен салыстырғанда дін мен мемлекет екі бөлек.

"Ол елдерде басқа заңдар жүзеге асырылады. Біз басқа елді мысал ала отырып, өз елімізді толықтай солар сияқты өзгерте алмаймыз. Біз зайырлы мемлекеттің заңдары бойынша өмір сүреміз, сондықтан мүмкіндіктерді барынша қарастыру керек", - деді депутат.

Еске сала кетейік, осыған дейін Мемлекет басшысы қысқа балақ пен сақал қоюға тыйым салу керектігін айтқан еді. "Діни сауатсыздығының нәтижесінде жастарымыз сақал қойып, шалбарының балақтарын қысқартып тастайды. Қара көйлек киіп, беті-аузын тұмшалаған қыздарымыздың қатары көбейді. Бұл біздің дәстүрімізге де, халқымызға да жат. Бұған заңнамалық деңгейде тыйым салу мәселесін пысықтау керек. Қазақ қара киімді қаралы кезде ғана киеді", - деген еді Назарбаев.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети