podrobnosti.ua
Бұрын халық арасында "менің милициям мені қорғайды" деген мәтел бар еді. Қазір жағдай мүлдем басқа. Бұған полиция қызметінің сапасы әсер етуде. Бүгін "Ішкі істер органдары туралы" заң жобасын талқылау барысында сенатор Қуаныш Айтаханов осындай мәселе көтерді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Қазір заман да, құндылықтар да өзгерді. Қоғам да, адам да басқа. Талап пен талғам әртүрлі. Милицияның өзі полиция болып өзгерді. Алайда, ішкі істер органдарының жұмысында заман талаптарына сай өзгерістер аз. Олардың жұмыстарында дөрекілік, адам тағдырына немқұрайлылық, адам құқықтарын қамтамасыз ету емес, қайта олардың құқығын шектеуге жақын тұратын іс-қимылдар көптеп кездеседі. Бұл полиция қызметкерлеріне деген халықтың сенімін төмендетуде", - деді Сенаттың жалпы отырысында депутат Қуаныш Айтаханов. Сонымен қатар, депутат өткен жылы ішкі істер органдары арасында өткізілген аттестация қорытындысына тоқтала келе, оған қатысқандардың 12 мыңнан астамы немесе аттестацияға қатысқандардың 17 пайызы сынақтан өтпей қалғанын атап өтті. Оның айтуынша, алдағы уақытта ішкі істер органдары өз қызметін заң талаптарына сай, түбегейлі өзгертіп, халық сеніміне ие болу үшін полиция беделін көтеруге жұмыс істеуі керек. "Қазақстан полиция қызметкерлерінің саны жағынан 100 мың тұрғынға шаққанда дүниежүзі бойынша 6-шы орында. Сан жетеді, алайда сапа төмен. Кадрлар сапасын көтеру қажет", - деді сенатор Айтаханов. Бұдан бөлек, депутат әр 100 мың тұрғынға шаққанда орта есеппен 444 полиция қызметкері келетінін, алайда халық тығыз орналасқан өңірлерде бұл көрсеткіш мүлдем басқа екенін алға тартты. "Мәселен, оңтүстік өңірде бұл 2,4 есеге төмен. Оңтүстік Қазақстан облысында бір полиция учаскелік инспекторы 3 мың 517 адамға қызмет жасайды. Бұл республикалық орта есептен 2 есеге жоғары. Полиция қызметкеріне жүктеменің артуы жұмыс сапасына да әсер ететіні белгілі", - деді ол.
Бұрын халық арасында "менің милициям мені қорғайды" деген мәтел бар еді. Қазір жағдай мүлдем басқа. Бұған полиция қызметінің сапасы әсер етуде. Бүгін "Ішкі істер органдары туралы" заң жобасын талқылау барысында сенатор Қуаныш Айтаханов осындай мәселе көтерді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Қазір заман да, құндылықтар да өзгерді. Қоғам да, адам да басқа. Талап пен талғам әртүрлі. Милицияның өзі полиция болып өзгерді. Алайда, ішкі істер органдарының жұмысында заман талаптарына сай өзгерістер аз. Олардың жұмыстарында дөрекілік, адам тағдырына немқұрайлылық, адам құқықтарын қамтамасыз ету емес, қайта олардың құқығын шектеуге жақын тұратын іс-қимылдар көптеп кездеседі. Бұл полиция қызметкерлеріне деген халықтың сенімін төмендетуде", - деді Сенаттың жалпы отырысында депутат Қуаныш Айтаханов.
Сонымен қатар, депутат өткен жылы ішкі істер органдары арасында өткізілген аттестация қорытындысына тоқтала келе, оған қатысқандардың 12 мыңнан астамы немесе аттестацияға қатысқандардың 17 пайызы сынақтан өтпей қалғанын атап өтті. Оның айтуынша, алдағы уақытта ішкі істер органдары өз қызметін заң талаптарына сай, түбегейлі өзгертіп, халық сеніміне ие болу үшін полиция беделін көтеруге жұмыс істеуі керек.
"Қазақстан полиция қызметкерлерінің саны жағынан 100 мың тұрғынға шаққанда дүниежүзі бойынша 6-шы орында. Сан жетеді, алайда сапа төмен. Кадрлар сапасын көтеру қажет", - деді сенатор Айтаханов.
Бұдан бөлек, депутат әр 100 мың тұрғынға шаққанда орта есеппен 444 полиция қызметкері келетінін, алайда халық тығыз орналасқан өңірлерде бұл көрсеткіш мүлдем басқа екенін алға тартты.
"Мәселен, оңтүстік өңірде бұл 2,4 есеге төмен. Оңтүстік Қазақстан облысында бір полиция учаскелік инспекторы 3 мың 517 адамға қызмет жасайды. Бұл республикалық орта есептен 2 есеге жоғары. Полиция қызметкеріне жүктеменің артуы жұмыс сапасына да әсер ететіні белгілі", - деді ол.